https://sputnik.kz/20240105/qantar-oqigasy-qosarlangan-bilikke-talpynystyn-qisyndy-saldary--sarapshylar-41398555.html
Қаңтар оқиғасы қосарланған билікке талпыныстың қисынды салдары – сарапшылар
Қаңтар оқиғасы қосарланған билікке талпыныстың қисынды салдары – сарапшылар
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Сарапшылар қайғылы қаңтар оқиғасын қосарланған билікке талпыныстың қисынды салдары деп атады. 05.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-05T19:13+0500
2024-01-05T19:13+0500
2024-01-05T19:13+0500
қаңтар оқиғасы
сарапшы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094798_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_1b5c8c3d11b26baf1f25d6463e41abce.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Сарапшылар қайғылы қаңтар оқиғасын қосарланған билікке талпыныстың қисынды салдары деп атады.Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен дөңгелек үстел барысында саясаттанушылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатын талқылады.Естеріңізге сала кетейік, сұхбатта президент Тоқаев Қазақстанда қосарланған билік моделін енгізуге шынымен де әрекет жасалғанын растады."... Алайда бәзбіреулер қосарланған билік жүйесін орнатуға талпынғаны, тіпті, мұндай әрекеттерді әдейі әрі мұқият ұйымдастырғаны рас. "Билік транзиті" кезіндегі ахуалды саясаттағы айлакерлер өз мүддесіне пайдаланып, қосамжарланған билік орталығын құруға тырысты", - деді Тоқаев.Бұл жағдай қаңтар дағдарысының алғышарттарының біріне айналды, деп атап өтті президент."Мұнда біз президент неге мемлекеттік аппаратқа емес, азаматтық қоғамға арқа сүйеді дегенге жауап алдық. Саяси реформалардың барлық пакеті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында әзірленді, ол кейін ұлттық құрылтайға қосылды. Ол одан қолдау көріп, одан әрі идеялар әзірленді", - деп толықтырды Қазақстандық қоғамдық даму институтының қоғамдық процестерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасым.Сарапшының пікірінше, бұл ашықтық пен шынайылық халықтың Қазақстан лидеріне деген сенімін күшейтуге мүмкіндік береді.Қаңтар қайталанбауы үшін қазақстандықтар да өз жауапкершіліктерін түсінуі керек.Қоғамдық даму институты қоғамдық процестерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасым үштұғырлықты нығайту қажет деп санайды: мемлекет – экономика – қоғам, ал қоғамды одан әрі дамыту үшін азаматтардың жауапкершілігін арттыру драйвер болмақ."Соған қарамастан азаматтар өз жауапкершілігін, ойланбай істеген әрекет неге әкеп соғатынын түсінуге тиіс. Тиісінше, мемлекет қоғамды өз наразылығын заң аясында баяндап, өз проблемасын шеше алатындай пәрменді тетіктермен және институттармен қамтамасыз ету керек", - деп түйіндеді саясаттанушы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094798_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_750cb0dd181dc5aa6a0c9ba781bb9c26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарапшы
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Сарапшылар қайғылы қаңтар оқиғасын қосарланған билікке талпыныстың қисынды салдары деп атады.
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен дөңгелек үстел барысында саясаттанушылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатын талқылады.
"Бұл, ең алдымен, қосарланған билік тақырыбына қатысты. Мұны Ақорда мен кітапхана үнемі жоққа шығарды. Қазір мұның бәрі біртұтас суретке айналды, ал қаңтар бұл тұрғыда осы қос биліктің шарықтау шегі мен заңды аяқталуы ретінде көрінеді. Яғни, алдымен президенттің конституциялық өкілеттіктерін шектеп, содан кейін оны орнынан түсіруге әрекет жасалды", - деп атап өтті қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев.
Естеріңізге сала кетейік, сұхбатта президент Тоқаев Қазақстанда қосарланған билік моделін енгізуге шынымен де әрекет жасалғанын растады.
"... Алайда бәзбіреулер қосарланған билік жүйесін орнатуға талпынғаны, тіпті, мұндай әрекеттерді әдейі әрі мұқият ұйымдастырғаны рас. "Билік транзиті" кезіндегі ахуалды саясаттағы айлакерлер өз мүддесіне пайдаланып, қосамжарланған билік орталығын құруға тырысты", - деді Тоқаев.
Бұл жағдай қаңтар дағдарысының алғышарттарының біріне айналды, деп атап өтті президент.
"Мұнда біз президент неге мемлекеттік аппаратқа емес, азаматтық қоғамға арқа сүйеді дегенге жауап алдық. Саяси реформалардың барлық пакеті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында әзірленді, ол кейін ұлттық құрылтайға қосылды. Ол одан қолдау көріп, одан әрі идеялар әзірленді", - деп толықтырды Қазақстандық қоғамдық даму институтының қоғамдық процестерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасым.
Сарапшының пікірінше, бұл ашықтық пен шынайылық халықтың Қазақстан лидеріне деген сенімін күшейтуге мүмкіндік береді.
Қаңтар қайталанбауы үшін қазақстандықтар да өз жауапкершіліктерін түсінуі керек.
Қоғамдық даму институты қоғамдық процестерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасым үштұғырлықты нығайту қажет деп санайды: мемлекет – экономика – қоғам, ал қоғамды одан әрі дамыту үшін азаматтардың жауапкершілігін арттыру драйвер болмақ.
"Соған қарамастан азаматтар өз жауапкершілігін, ойланбай істеген әрекет неге әкеп соғатынын түсінуге тиіс. Тиісінше, мемлекет қоғамды өз наразылығын заң аясында баяндап, өз проблемасын шеше алатындай пәрменді тетіктермен және институттармен қамтамасыз ету керек", - деп түйіндеді саясаттанушы.