Кәсіпкерлер бизнеске арналған арнайы шоттарды көбірек пайдалана бастады – банк

© Photo : Евразийский банкPOS-терминал
POS-терминал - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Жыл басынан бері 20 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкер Kaspi pay (бизнеске арналған қосымша, мобильді POS) сервисін іске қосты, деп хабарлады Kaspi.kz баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Енді кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары табыс туралы декларацияны тапсыруы керек.
Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдар арқылы төлем алатын кәсіпкерлерге бизнес үшін арнайы шот ашуға кеңес береді. Бұл бизнесті жүргізу мен салықтарды шегерудің ашықтығына ықпал етеді.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары дүкендер аударымдар арқылы төлем қабылдамай жатқаны туралы жарыса жазды.
Осыған байланысты Sputnik Қазақстан тілшілері ірі банктердің бірінен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мобильді аударымдар саны туралы деректерді сұрады.
"Біз бизнеске арналған қосымшаны пайдалана бастағандардың саны көбейгенін көріп отырмыз. 1 қаңтардан бастап 20 000-нан астам кәсіпкер Kaspi Pay-ді қосты, бүгінде 600 000-нан астам адам біздің сервистерімізді пайдаланады", - деп жауап берді банктің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, банк картасымен немесе QR арқылы төлем жасаудан бас тартқан, яғни қолма-қол ақша талап еткен кәсіпкерлерге 40 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, өйткені бұл тұтынушылардың құқықтарын бұзу болып есептеледі.
Салық салушылар үш ай ішінде 100-ден астам адамнан аударымдар түсетін жеке шоттарды тексереді.
Жаңалықтар
0