https://sputnik.kz/20240105/izrailde-khamas-kepilge-algan-tutqyndardyn-tuystary-sheruge-shyqty-41391064.html
Израильде ХАМАС кепілге алған тұтқындардың туыстары шеруге шықты
Израильде ХАМАС кепілге алған тұтқындардың туыстары шеруге шықты
Sputnik Қазақстан
Кепілге алынған кемінде бес адамның жақындары наразылық білдіруге шықты, деп жазды израильдік басылым 05.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-05T15:19+0500
2024-01-05T15:19+0500
2024-01-05T15:19+0500
израиль
палестина
https://sputnik.kz/img/old/914/63/9146354_0:142:3133:1904_1920x0_80_0_0_3b6fd786ab1f347dd56c8a39945b2cd8.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Палестиналық ХАМАС қозғалысы кепіл ретінде ұстап отырған израильдіктердің отбасы мүшелері Израильдің төтенше жағдайлар министрі және әскери іс-қимылдар шағын кабинетінің мүшесі Бенни Ганцтың үйінің алдында наразылық акциясын өткізді, деп жазды Jerusalem Post.Наразылық білдірушілердің нақты саны туралы мәлімет жоқ. Бірақ кем дегенде кепілге алынған бес адамның отбасы мүшелері Ганцтың үйінің алдына жиналғаны белгілі. Олар Израиль үкіметін тұтқындардың өмірін сақтау үшін барлық шараны қабылдауға, "тіпті атысты тоқтатуға" шақырды.7 қазанда Палестинаның ХАМАС қозғалысы "Әл-Ақса дауылы" операциясы аясында Израильге зымыранмен шабуылдады.Осыдан кейін ұйымның жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарға еніп, 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде, биліктің соңғы мәліметі бойынша, шамамен 1,2 мың адам қаза болды, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, сарбаздар, шетел азаматтары мен жұмысшылар бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы хабарланды.Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы Хамасқа қарсы "Темір қылыш" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде Израиль әскери күштері Газа шекарасындағы барлық елді мекенді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде азаматтық нысандарға әуеден соққы жасай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторының толық блокадасын жариялады: су, азық-түлік, электр энергиясы, дәрі-дәрмек, отын жеткізу тоқтатылды.Қазан айының соңында анклавтағы Израиль операциясының жердегі кезеңі басталды. Газа қаласын Израиль құрлық күштері қоршап алды, ал анклав іс жүзінде оңтүстік және солтүстік бөліктерге бөлінді.Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Газада 7 қазаннан бері қаза тапқандар саны 22 мыңнан асып, 57 мыңнан астам адам жараланған.Тараптардың аумақтық мүдделеріне қатысты Палестина – Израиль арасындағы қақтығыс ондаған жыл бойы аймақта шиеленіс көзі болды. 1947 жылы БҰҰ шешімі екі мемлекеттің – Израиль мен Палестинаның құрылуын анықтағанмен, тек Израиль мемлекеті ғана құрылды.
израиль
палестина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/914/63/9146354_202:0:2931:2047_1920x0_80_0_0_4bb0e67a5d3166ab4b174320f268fb9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль, палестина
Израильде ХАМАС кепілге алған тұтқындардың туыстары шеруге шықты
Кепілге алынған кемінде бес адамның жақындары наразылық білдіруге шықты, деп жазды израильдік басылым
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Палестиналық ХАМАС қозғалысы кепіл ретінде ұстап отырған израильдіктердің отбасы мүшелері Израильдің төтенше жағдайлар министрі және әскери іс-қимылдар шағын кабинетінің мүшесі Бенни Ганцтың үйінің алдында наразылық акциясын өткізді, деп жазды Jerusalem Post.
"ХАМАС тұтқында ұстап отырған азаматтардың отбасы мүшелері жұма күні таңертең министр Бенни Ганцтың Рош-Ха-Аиндегі үйінің алдында наразылық білдіруге жиналды", - деп жазды газет.
Наразылық білдірушілердің нақты саны туралы мәлімет жоқ. Бірақ кем дегенде кепілге алынған бес адамның отбасы мүшелері Ганцтың үйінің алдына жиналғаны белгілі. Олар Израиль үкіметін тұтқындардың өмірін сақтау үшін барлық шараны қабылдауға, "тіпті атысты тоқтатуға" шақырды.
7 қазанда Палестинаның ХАМАС қозғалысы "Әл-Ақса дауылы" операциясы аясында Израильге зымыранмен шабуылдады.
Осыдан кейін ұйымның жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарға еніп, 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде, биліктің соңғы мәліметі бойынша, шамамен 1,2 мың адам қаза болды, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, сарбаздар, шетел азаматтары мен жұмысшылар бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы хабарланды.
Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы Хамасқа қарсы "Темір қылыш" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде Израиль әскери күштері Газа шекарасындағы барлық елді мекенді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде азаматтық нысандарға әуеден соққы жасай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторының толық блокадасын жариялады: су, азық-түлік, электр энергиясы, дәрі-дәрмек, отын жеткізу тоқтатылды.
Қазан айының соңында анклавтағы Израиль операциясының жердегі кезеңі басталды. Газа қаласын Израиль құрлық күштері қоршап алды, ал анклав іс жүзінде оңтүстік және солтүстік бөліктерге бөлінді.
Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Газада 7 қазаннан бері қаза тапқандар саны 22 мыңнан асып, 57 мыңнан астам адам жараланған.
Тараптардың аумақтық мүдделеріне қатысты Палестина – Израиль арасындағы қақтығыс ондаған жыл бойы аймақта шиеленіс көзі болды. 1947 жылы БҰҰ шешімі екі мемлекеттің – Израиль мен Палестинаның құрылуын анықтағанмен, тек Израиль мемлекеті ғана құрылды.