https://sputnik.kz/20240105/biyl-elimizde-qansha-sheteldikke-zhumys-isteuge-ruqsat-etiledi-41385794.html
Биыл елімізде қанша шетелдікке жұмыс істеуге рұқсат етіледі
Биыл елімізде қанша шетелдікке жұмыс істеуге рұқсат етіледі
Sputnik Қазақстан
Шетелдік жұмысшыларға бөлінген квота жұмыс күшінің 0,23 процентін құрайды 05.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-05T11:09+0500
2024-01-05T11:09+0500
2024-01-05T11:09+0500
қоғам
шетелдік
квота
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_0:40:3073:1768_1920x0_80_0_0_e6de3d81f57b24f36f3f4b9c3916ec0a.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі. 2024 жылы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,23%-і немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.Квота 4 санат бойынша бөлінді:Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 366 адамға дейін жұмыс күші тартылуы мүмкін.Естеріңізге сала кетейік, былтыр жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 14,5 мың рұқсат берді және ұзартты, бұл қайта бөлінген квотаның 78,5%-ін (18 мың) құрады.Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 183 шетелдік жұмыс істейді.2023 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарын тартуға 305,8 мың бірлік квота белгіленді. Ал жергілікті атқарушы органдар 295 261 рұқсат берді.
https://sputnik.kz/20240104/qandastardy-qabyldaudyn-2024-zhylga-arnalgan-onirlik-kvotasy-bekitildi-41374523.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_148:0:2879:2048_1920x0_80_0_0_0b98dca8de6ad8e262b2bced4bcb058c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шетелдік, квота
Биыл елімізде қанша шетелдікке жұмыс істеуге рұқсат етіледі
Шетелдік жұмысшыларға бөлінген квота жұмыс күшінің 0,23 процентін құрайды
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі. 2024 жылы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,23%-і немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.
Квота 4 санат бойынша бөлінді:
бірінші санат – 906 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары),
екінші санат – 5 054 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).
үшінші санат – 10 786 (мамандар),
төртінші санат – 2 888 (білікті жұмысшылар).
Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 366 адамға дейін жұмыс күші тартылуы мүмкін.
"Бұдан бөлек, 2024 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарын тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 3,1% немесе 271,3 мың бірлік мөлшерінде белгіленген", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 14,5 мың рұқсат берді және ұзартты, бұл қайта бөлінген квотаның 78,5%-ін (18 мың) құрады.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 183 шетелдік жұмыс істейді.
2023 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарын тартуға 305,8 мың бірлік квота белгіленді. Ал жергілікті атқарушы органдар 295 261 рұқсат берді.