Қоғам

2023 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдердің тізімі жарияланды

© Photo : PexelsАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
Жиі қойылатын есімдер тізімі 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған 10 есімнің тізімін жариялады.
Статистика бюросының ақпаратынша, былтыр жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ.
"Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді", - делінген хабарламада.

2023 жылдың танымал 10 есімі

Ұлдарға қойылған есімдер:
Алихан, Омар, Амир, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Али, Нұрислам, Мухаммад, Хамза.
Қыздарға қойылған есімдер:
Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Амина, Аяла, Айым.
Осы тізімді 2013 жылмен салыстырсақ, Алихан, Амир және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал. Қыздар арасында Айша мен Амина есімдері соңғы он жылдағы әлі де жиі қойылатын есімдер қатарында, деп атап өтті Ұлттық статистика бюросы.

2013 жылдың танымал 10 есімі

Ұлдар:
Ерасыл, Алихан, Санжар, Нұрасыл, Мирас, Артем, Нұрислам, Амир, Арсен, Рамазан.
Қыздар:
Айзере, Айару, Кәусар, Інжу, Айша, Аружан, Аяулым, Амина, Іңкәр, Диана.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Балаға берілетін жәрдемақы – 2024: кімге, қалай және қанша төленеді
Жаңалықтар
0