https://sputnik.kz/20240104/ukrainany-qoldaudy-zhalgastyru-ushin-qosymsha-qarazhat-bolu-qazhet--aq-uy-41370426.html
Украинаны қолдауды жалғастыру үшін қосымша қаражат бөлу қажет – Ақ үй
Украинаны қолдауды жалғастыру үшін қосымша қаражат бөлу қажет – Ақ үй
Sputnik Қазақстан
27 желтоқсанда президент Джо Байден қол қойған соңғы көмек пакеті Украинаға әлі толық жеткізілмеді 04.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-04T20:37+0500
2024-01-04T20:37+0500
2024-01-04T20:37+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ақш
https://sputnik.kz/img/98/54/985475_0:66:3186:1858_1920x0_80_0_0_fb47eebfbc7a232718e17a1250269050.jpg
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. АҚШ-та Украинаны одан әрі қолдауға қаражат жоқ, деп мәлімдеді Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби брифингте. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Кирби 27 желтоқсанда президент Джо Байден қол қойған соңғы көмек пакетінің Украинаға әлі толық жеткізілмегенін айтты. Оның пікірінше, мұны орындауға бірнеше апта кетуі мүмкін.Желтоқсан айының соңында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 2023 жылы Украинаға 250 миллион доллар көлеміндегі әскери көмектің соңғы пакеті жолданатынын жариялады. Ақ үй өкілі ескерткендей, осымен Киевті қолдауға жұмсалатын қаражат таусылады. Конгресс қосымша қаржыландыруды мақұлдағанға дейін жаңа қару-жарақ пен оқ-дәрілер жеткізілмейді.Ақ үйдің Украинаға көмек көрсету туралы өтінішін екі палата да мақұлдауы керек. Алайда республикашылдар Джо Байден әкімшілігі АҚШ шекарасын қорғау тәсілдерін өзгертпейінше, Киев билігіне қаржы бөлуді қолдамайтындарын айтты.Нәтижесінде тараптар ымыраға келе алмай, Өкілдер палатасы қысқы демалысқа кетті.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/98/54/985475_227:0:2958:2048_1920x0_80_0_0_e5d416b7707c495c42f1e34f4cf808fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Украинаны қолдауды жалғастыру үшін қосымша қаражат бөлу қажет – Ақ үй
27 желтоқсанда президент Джо Байден қол қойған соңғы көмек пакеті Украинаға әлі толық жеткізілмеді
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. АҚШ-та Украинаны одан әрі қолдауға қаражат жоқ, деп мәлімдеді Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби брифингте. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Президент соңғы пакетке қол қойды, оны орындау үшін бізде қаржы бар болатын, ол таусылды. Бізге Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыру үшін қосымша қаражат бөлуді мақұлдау қажет", - деді ол.
Кирби 27 желтоқсанда президент Джо Байден қол қойған соңғы көмек пакетінің Украинаға әлі толық жеткізілмегенін айтты. Оның пікірінше, мұны орындауға бірнеше апта кетуі мүмкін.
Желтоқсан айының соңында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 2023 жылы Украинаға 250 миллион доллар көлеміндегі әскери көмектің соңғы пакеті жолданатынын жариялады. Ақ үй өкілі ескерткендей, осымен Киевті қолдауға жұмсалатын қаражат таусылады. Конгресс қосымша қаржыландыруды мақұлдағанға дейін жаңа қару-жарақ пен оқ-дәрілер жеткізілмейді.
Ақ үйдің Украинаға көмек көрсету туралы өтінішін екі палата да мақұлдауы керек. Алайда республикашылдар Джо Байден әкімшілігі АҚШ шекарасын қорғау тәсілдерін өзгертпейінше, Киев билігіне қаржы бөлуді қолдамайтындарын айтты.
Нәтижесінде тараптар ымыраға келе алмай, Өкілдер палатасы қысқы демалысқа кетті.