https://sputnik.kz/20240104/toqaev-iran-prezidentine-konil-aytty-41370155.html
Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты
Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты
Sputnik Қазақстан
Иранда жарылыстардан қаза тапқандар саны 103-ке жетті 04.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-04T14:51+0500
2024-01-04T14:51+0500
2024-01-04T14:51+0500
иран
теракт
https://sputnik.kz/img/07e8/01/03/41353553_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_001daae0245cfdfa1f262fc680fda7fe.jpg
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.Иранның Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адам қаза тапты.Мемлекет басшысы бақилық болғандардың жандары жәннатта болуына, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.Еске сала кетейік, 3 қаңтарда Иранның Керман қаласында 4 жыл бұрын өлтірілген генерал Касем Сүлейманиді аза тұту рәсімі кезінде лаңкестік шабуыл жасалды. Жарылыстардан қаза тапқандар саны 103-ке жетті, кем дегенде 143 адам жараланған.
https://sputnik.kz/20240103/irandagy-zharylystardan-qaza-tapqandar-sany-103-ke-zhetti-41355222.html
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/03/41353553_240:0:2971:2048_1920x0_80_0_0_cba70aed082df9da95f24ff23f833f21.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иран, теракт
Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты
Иранда жарылыстардан қаза тапқандар саны 103-ке жетті
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Иранның Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адам қаза тапты.
"Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан жүздеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы бақилық болғандардың жандары жәннатта болуына, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.
Еске сала кетейік, 3 қаңтарда Иранның Керман қаласында 4 жыл бұрын өлтірілген генерал Касем Сүлейманиді аза тұту рәсімі кезінде лаңкестік шабуыл жасалды. Жарылыстардан қаза тапқандар саны 103-ке жетті, кем дегенде 143 адам жараланған.