Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейдің қорғаныс министрлігі Мариупольде қанша мина анықталғанын айтты

© Photo : ІІМ баспасөз қызметіКөкшетау аумағынан табылған миналар
Көкшетау аумағынан табылған миналар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
Миналарды тазарту мамандарын аула немесе пәтерлерінен қауіпті заттарды тауып алған жергілікті тұрғындар жиі шақырады
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Үш айдың ішінде ресейлік саперлар Мариупольде және қалаға іргелес елді мекендерде украин әскері қалдырған екі мың жарылмаған снаряд пен тұзақ-минаны залалсыздандырды, деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігі.
"Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің біріккен минадан тазарту жасағының мамандары Мариуполь қаласы мен оған іргелес елді мекендерді минадан тазарту іс-шаралары аясында күн сайын жарылыс қаупі бар заттарды іздестіру және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Соңғы үш айда саперлар Украина қарулы күштері қалдырған екі мың жарылмаған снаряд пен тұзақ-минаныы залалсыздандырды", - делінген хабарламада.
Саперлар миналарды іздеу үшін күшейтілген кевларлық қорғанысы бар арнайы костюм кигені айтылды. Барлық амуницияның салмағы 30 келіге жуық. Миналарды тазарту мамандарын аула немесе пәтерлерінен қауіпті заттарды тауып алған жергілікті тұрғындар жиі шақырады.
Анықталған оқ-дәрілер жару арқылы жабық жерде жойылады. Оның үстіне саперлар жарылғыш заттарды ең қауіпті элементтер жерде қалатындай етіп терең шұңқырға орналастырады.
"Грек" деген лақапаты бар минадан тазарту бойынша құрама жасақ басшысының көмекшісі айтқандай, олар бір күнде 70-ке жуық жарылғыш затты жойды.
"Дунай" лақапаты бар сапердің айтуынша, Мариуполь маңындағы аумақты толық тазарту кезінде екі гранатомет, танкке қарсы гранатометтің екі оғы, динамикалық қорғаныс, жарылғыштар, сигналды миналар, кассеталық оқ-дәрілер, екі граната анықталды
Жаңалықтар
0