Қазақстанның ҰҚК бір жылда есірткі жеткізетін 34 халықаралық арнаны жойды

© Photo : КНБ КазахстанаОперация по ликвидации крупного производства психотропных веществ
Операция по ликвидации крупного производства психотропных веществ - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
Сонымен қатар 36 жасырын есірткі зертханасы жойылды
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. 2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша 150-ден астам операция жүргізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Операциялардың нәтижесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті 34 халықаралық және 32 аймақтық есірткі жеткізу арнасын, сондай-ақ 36 жасырын есірткі зертханасын жойды.
"Заңсыз айналымнан 3,6 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 21,5 тонна шикі көкнәр сабаны және синтетикалық есірткі дайындауға пайдаланылған 75 тоннаға жуық химиялық реагенттер тәркіленді", - делінген хабарламада.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті тәркіленген есірткінің заңсыз нарықтағы құны 20 миллиард теңгеден астам болатынын, ал көлемі 17 миллион бір реттік дозаны құрайтынын хабарлады.
Осы қылмыстарды жасағаны үшін 101 адам сотталып, тағы 169 республика азаматы мен шетелдікке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов "есірткі қылмысы толығымен киберкеңістікке көшті" деп мәлімдеді. Есірткі таратушылар крипто-әмияндарды және мессенджерлерді белсенді пайдаланады. Бірақ олармен күресу әдістері үнемі жетілдіріліп жатыр.
"Киберқадағалау" жүйесі енгізілді, ол арқылы анықталған есірткі сайттары бұғатталады. Сондай-ақ, тыйым салынған контентті автоматтандырылған іздеу әдісі арнайы бағдарламамен қамтамасыз етіледі", - деді министр.
Жыл басынан бері 6 мыңнан астам ақпарат тарату құралының (чаттар, арналар, сайттар) қызметі тоқтатылды. Telegram әлеуметтік желісінде 1,3 мың интернет-дүкен бұғатталды.
Елдегі есірткі жағдайына үш негізгі фактор себепші болып отыр. Олар: каннабис шикізат базасының болуы, "Солтүстік бағыт" бойынша ауған героинінің трафигі және синтетикалық препараттарды тарату.
Жаңалықтар
0