https://sputnik.kz/20240104/politsiya-shaqyrmaysyz-endi-zhurgizushiler-zhol-apatyn-ozderi-onlayn-rasimdey-alady-41360272.html
Полиция шақырмайсыз: енді жүргізушілер жол апатын өздері онлайн рәсімдей алады
Полиция шақырмайсыз: енді жүргізушілер жол апатын өздері онлайн рәсімдей алады
Sputnik Қазақстан
Жол апатын онлайн рәсімдеу үшін сақтандыру төлемі 369 мың теңгеден аспауы керек 04.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-04T09:37+0500
2024-01-04T09:37+0500
2024-01-04T09:45+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e6/07/13/26218399_370:0:3342:1672_1920x0_80_0_0_9b8b5ead7da63fb4326dda323c0e4127.jpg
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда 1 қаңтардан бастап жол апаттарын онлайн тіркеуге 1 мыңнан астам өтініш түсті, деп хабарлайды бірінші кредиттік бюросының баспасөз қызметі.Ақпаратқа сәйкес, келіп түскен өтініштердің шамамен 60%-ке жуығын қолданушылардың өздері әртүрлі себептермен, соның ішінде қызметпен енді танысып жатқандықтан бас тартқан.Сондай-ақ, мәліметтерді жинау кезінде 385 өтініш толтыру сатысында болса, 33-і бірінші жүргізушінің, тағы 12-сі екінші жүргізушінің қол қоюын күтуде.Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі енгізілетінін жариялаған болатын. Соның арқасында көлік жүргізушілері полицияны, тіпті, сот шешімін күтпей, сақтандыру төлемдерін рәсімдей алады. Қазір сақтандыру төлемін алу үшін жол полициясының хаттамасы керек. Оған қоса, сот шешімі шығуы қажет. Оған екі айдай уақыт кетеді.Ал сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жол апаты болған кезде барлық құжат жылдам рәсімделеді. Бірақ бірнеше шарт болады.Олар:Барлық өтініш бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасы арқылы жіберіледі.
https://sputnik.kz/20240103/petropavl---astana-zholynda-15-kolik-soqtygysty-41338525.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/13/26218399_741:0:2970:1672_1920x0_80_0_0_3e909bf40b4b038ca8627150f418893a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Полиция шақырмайсыз: енді жүргізушілер жол апатын өздері онлайн рәсімдей алады
09:37 04.01.2024 (жаңартылды: 09:45 04.01.2024) Жол апатын онлайн рәсімдеу үшін сақтандыру төлемі 369 мың теңгеден аспауы керек
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда 1 қаңтардан бастап жол апаттарын онлайн тіркеуге 1 мыңнан астам өтініш түсті, деп хабарлайды бірінші кредиттік бюросының баспасөз қызметі.
"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "Еурохаттама" жобасы бойынша жол апаттарын онлайн тіркеуге 1099 өтініш келіп түсті: алты өтініш "тіркелді" деген мәртебе алды, яғни екі көлік жүргізушісі де өз қолын қойды, өтініш бірыңғай сақтандыру деректер базасына жіберілді", - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, келіп түскен өтініштердің шамамен 60%-ке жуығын қолданушылардың өздері әртүрлі себептермен, соның ішінде қызметпен енді танысып жатқандықтан бас тартқан.
Сондай-ақ, мәліметтерді жинау кезінде 385 өтініш толтыру сатысында болса, 33-і бірінші жүргізушінің, тағы 12-сі екінші жүргізушінің қол қоюын күтуде.
Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі енгізілетінін жариялаған болатын. Соның арқасында көлік жүргізушілері полицияны, тіпті, сот шешімін күтпей, сақтандыру төлемдерін рәсімдей алады. Қазір сақтандыру төлемін алу үшін жол полициясының хаттамасы керек. Оған қоса, сот шешімі шығуы қажет. Оған екі айдай уақыт кетеді.
Ал сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жол апаты болған кезде барлық құжат жылдам рәсімделеді. Бірақ бірнеше шарт болады.
жол апаты кезінде көлікке ғана зиян келуі (адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіру және үшінші тұлғалардың мүлкін зақымдау фактісі болмауы шарт);
сақтандыру полисінің болуы;
екі көлік жүргізушінің өзара келісуі;
сақтандыру төлемі 100 АЕК-тен (369 200 теңгеден) аспауы керек.
Барлық өтініш бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасы арқылы жіберіледі.