Елена Рыбакина Брисбендегі турнирдің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
Жартылай финалға шығу үшін Рыбакина ресейлік теннисшілер Вероника Кудерметова мен Анастасия Потапова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Елена Рыбакина Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші 1/8 финалда бельгиялық Элисе Мертенсті 58 минутта жеңді. Бірінші ойында қазақстандық ойыншы қарсыласына бір ғана гейм берсе (6:1), екіншісінде оны толық ұтты – 6:0. Осымен теннисшілер бесінші рет бетпе-бет кездесіп отыр, оның төртеуінде Рыбакина жеңіске жетті.
Жартылай финалға шығу үшін Рыбакина ресейлік теннисшілер Вероника Кудерметова мен Анастасия Потапова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Австралиядағы әйелдер турнирі 7 қаңтарда аяқталады.
Жаңалықтар
0