https://sputnik.kz/20240104/deputattar-baspana-men-kolikti-khalyqqa-lizingke-berudi-usyndy--41376695.html
Депутаттар баспана мен көлікті халыққа лизингке беруді ұсынды
Депутаттар баспана мен көлікті халыққа лизингке беруді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Лизинг бағдарламасы арқылы мәжілісмендер халықтың қарыз кредит алу деңгейін төмендетуді мақсат етіп отыр 04.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-04T18:54+0500
2024-01-04T18:54+0500
2024-01-04T18:54+0500
баспана
көлік
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913731_0:59:2001:1184_1920x0_80_0_0_3b380298a18d83635182c42794dd851a.jpg
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жеке тұлғаларға тұрғын үй мен автокөлік сатып алу үшін лизинг енгізу жоспарлануда, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігі.Мәжілісмендер заңға өзгерістер енгізіп, бұл қаржы құралын кәсіпкерлерге ғана емес, қарапайым азаматтарға пайдалануға жағдай жасау қажет деп есептейді. Яғни, азаматтар кейіннен сатып алатындай етіп ұзақ мерзімге жалға берілетін тұрғын үй мен автокөлікті рәсімдей алады.Сондай-ақ депутаттар мерзімі өткен соманың көлемін шектеуді көздеп отыр – олар 90 күн төленбегеннен кейін өсімақы есептеуге тыйым салуды ұсынады. Сонымен қатар жеке тұлғалар лизингке алған затын мерзімінен бұрын қайтарып, төлемдерін толықтай аяқтай алады.Сонымен қатар азаматтар лизинг шарты бойынша міндеттемелерді өтеу әдісі мен мерзімін өздері таңдай алады, деп мәлімдеді ведомство."Бұл қаржы құралын енгізу азаматтардың материалдық игіліктерге қолжетімділігін арттыру және қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі", - деп есептейді министрліктегілер.Сондай-ақ, жаңа лизинг түрі банк беретін кредитке арзан баламаға көшу арқылы халық арасындағы қарыз деңгейін де төмендетеді, дейді ведомство өкілдері.Лизинг – дегеніміз нысанды кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға беру. Жалға беру кезінде лизинг берушіге төлемдер жүргізіледі де, содан кейін олар мүліктің бағасынан шегеріледі. Жалға алынған нысанды пайдаланғаны үшін төлемдер оның өзіндік құнына қарай есептеліп, соңғы сату бағасы бірте-бірте төмендейді. Лизинг кредит пен жалға алуды біріктіретін қаржы құралы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913731_108:0:1885:1333_1920x0_80_0_0_5fdbb069f12a5fe5dae7f278945b877b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, көлік
Депутаттар баспана мен көлікті халыққа лизингке беруді ұсынды
Лизинг бағдарламасы арқылы мәжілісмендер халықтың қарыз кредит алу деңгейін төмендетуді мақсат етіп отыр
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жеке тұлғаларға тұрғын үй мен автокөлік сатып алу үшін лизинг енгізу жоспарлануда, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігі.
Мәжілісмендер заңға өзгерістер енгізіп, бұл қаржы құралын кәсіпкерлерге ғана емес, қарапайым азаматтарға пайдалануға жағдай жасау қажет деп есептейді. Яғни, азаматтар кейіннен сатып алатындай етіп ұзақ мерзімге жалға берілетін тұрғын үй мен автокөлікті рәсімдей алады.
"Жеке тұлғалардың келісімшарты бойынша лизинг нысанасы мемлекеттік тіркеуге алынатын жеке тұрғын үй, пәтер, автокөлік болуы керек", - деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ депутаттар мерзімі өткен соманың көлемін шектеуді көздеп отыр – олар 90 күн төленбегеннен кейін өсімақы есептеуге тыйым салуды ұсынады. Сонымен қатар жеке тұлғалар лизингке алған затын мерзімінен бұрын қайтарып, төлемдерін толықтай аяқтай алады.
Сонымен қатар азаматтар лизинг шарты бойынша міндеттемелерді өтеу әдісі мен мерзімін өздері таңдай алады, деп мәлімдеді ведомство.
"Бұл қаржы құралын енгізу азаматтардың материалдық игіліктерге қолжетімділігін арттыру және қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі", - деп есептейді министрліктегілер.
Сондай-ақ, жаңа лизинг түрі банк беретін кредитке арзан баламаға көшу арқылы халық арасындағы қарыз деңгейін де төмендетеді, дейді ведомство өкілдері.
Лизинг – дегеніміз нысанды кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға беру. Жалға беру кезінде лизинг берушіге төлемдер жүргізіледі де, содан кейін олар мүліктің бағасынан шегеріледі. Жалға алынған нысанды пайдаланғаны үшін төлемдер оның өзіндік құнына қарай есептеліп, соңғы сату бағасы бірте-бірте төмендейді. Лизинг кредит пен жалға алуды біріктіретін қаржы құралы.