https://sputnik.kz/20240103/zhaponiyadagy-zilzala-qaytys-bolgandar-sany-62-ge-zhetti-41340469.html
Жапониядағы зілзала: қайтыс болғандар саны 62-ге жетті
Жапониядағы зілзала: қайтыс болғандар саны 62-ге жетті
Sputnik Қазақстан
Ең көп құрбан болғандар Ваджима мен Сузу қалаларында тіркелді 03.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-03T12:22+0500
2024-01-03T12:22+0500
2024-01-03T12:22+0500
жапония
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/old/1166/67/11666778_0:267:3500:2236_1920x0_80_0_0_5d755583a7aa5ea1ca67c1e68f8e66ef.jpg
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. Жапонияның Исикава префектурасында болған жер сілкінісінен 62 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Киодо агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап."Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 62-ге жетті", - делінген хабарламада.Ең көп құрбан болғандар Ваджима мен Сузу қалаларында тіркелді. Сондай-ақ үйінді астында да зардап шеккендер болуы мүмкін. Ұсақ дүмпулер болып жатса да құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.Жалпы зілзаладан жүзден астам адам зардап шекті.Жапонияның батысында жаңа жылдың бірінші күнінде бірқатар күшті жер сілкіністері болды, ең күшті магнитуда 7,6-ға жетті. Оларға "Ното түбегіндегі жер сілкінісі" деген атау берілді. Жер дүмпуі Осака, Киото және Токиода да қатты сезілді.Жапонияның негізгі метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, бұл жолғы зілзала 1885 жылдан бері бұл аймақтағы ең күшті жер дүмпуі болды
жапония
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1166/67/11666778_82:0:3419:2503_1920x0_80_0_0_5588572fa4d40a2ef666e216a254e5e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жапония, жер сілкінісі
Жапониядағы зілзала: қайтыс болғандар саны 62-ге жетті
Ең көп құрбан болғандар Ваджима мен Сузу қалаларында тіркелді
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. Жапонияның Исикава префектурасында болған жер сілкінісінен 62 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Киодо агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап.
"Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 62-ге жетті", - делінген хабарламада.
Ең көп құрбан болғандар Ваджима мен Сузу қалаларында тіркелді. Сондай-ақ үйінді астында да зардап шеккендер болуы мүмкін. Ұсақ дүмпулер болып жатса да құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Жалпы зілзаладан жүзден астам адам зардап шекті.
Жапонияның батысында жаңа жылдың бірінші күнінде бірқатар күшті жер сілкіністері болды, ең күшті магнитуда 7,6-ға жетті. Оларға "Ното түбегіндегі жер сілкінісі" деген атау берілді. Жер дүмпуі Осака, Киото және Токиода да қатты сезілді.
Жапонияның негізгі метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, бұл жолғы зілзала 1885 жылдан бері бұл аймақтағы ең күшті жер дүмпуі болды