Тоқаев 2024 жылдың негізгі шараларын белгіледі

© Sputnik / Владислав ВодневФотолента в честь Дня столицы-лучшие фото Влада Воднева с выставки
Фотолента в честь Дня столицы-лучшие фото Влада Воднева с выставки - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылда болатын негізгі шараларды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2024 жылда бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастырылады. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, соның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді.
"Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу де еліміз үшін айтулы оқиға болмақ. Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен саламатты өмір салтын дәріптеу жағынан да, Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екені сөзсіз", - деді Тоқаев "EGEMEN QAZAQSTAN" берген сұхбатында.
Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Сонымен қатар тарихшылардың пайымдауынша, Жошы ұлысының іргесі қалғанғанына – 800 жыл.
"Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады. Биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын да аяқтаймыз. Бұл – өзімізден 200-ден астам, шетелден 60-қа жуық маман жұмылдырылып, тыңғылықты жасалып жатқан үлкен шаруа", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Жаңалықтар
0