Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейлік барлаушы Артемовск маңында Украина әскерінде оқ-дәрі тапшы екенін айтты

СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Артемовск маңындағы майдан шебінде кеңестік үлгідегі оқ-дәрілердің жоқтығынан Украина әскерлері өз позицияларында сенімсіз әрекет етіп жатыр, деп хабарлады РИА Новостиге "Альф" лақап аты бар ресейлік әскердің "Южная" тобының арнайы жасақ тобының қолбасшысы.
"Қарсы тарап алты ай бұрынғыдай сенімді емес, өйткені оқ-дәрілері айтарлықтай жетіспейді. Олар кассеталық оқ-дәрілерді жиі пайдаланады. Бірақ олар блиндаждарды қиратуға қабілетті емес. Яғни жаяу әскерге қарсы бағытта, ашық, қорғалмаған жерлерде қолдануға тиімді. Алайда бекіністердегі армияға қарсы қолданудың мәні жоқ", - деді командир.
Ол Украина қарулы күштері де бұл бағытта FPV пилотсыз ұшу аппаратын белсенді түрде қолданып жатқанын және ресейлік барлаушылардың бұл аймақта шағын топпен түнде ғана қозғалуының бір себебі осы екенін айтты.
"Біз қазір Клещевка ауданындамыз. Жаудың алға жылжуына жол бермеу және одақтас күштердің ілгерілеуін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік тапсырманы орындау аумағына қарай жылжимыз", - деді "Альф".
Оның айтуынша, топтар бір аптаға кетеді. Бұл – адам жеткілікті мөлшерде азық-түлік пен су қорын өзімен бірге ала кететін ең оңтайлы кезең. Осы уақытта бір топ әрекет етіп жатқанда, тапсырмадан оралған әскерилер қалпына келіп үлгереді.
Сонымен қатар, жасырынып қозғалу талаптарын сақтау қажет, өйткені сарбаздар үнемі бір бағытта қозғалса, олар өз позицияларының құпиялылығын сақтай алмайды, деп түйіндеді "Альф".
Жаңалықтар
0