https://sputnik.kz/20240103/qazatomonerkasiptin-enshiles-kasiporny-qytaydyn-aes-ne-otyn-zhetkizedi-41354324.html
"Қазатомөнеркәсіптің" еншілес кәсіпорны Қытайдың АЭС-не отын жеткізеді
"Қазатомөнеркәсіптің" еншілес кәсіпорны Қытайдың АЭС-не отын жеткізеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. "Қазатомөнеркәсіптің" еншілес кәсіпорны саналатын "Үлбі-ЖБҚ" ЖШС бірлескен кәсіпорны Қытайдағы атом электр станцияларына арналған... 03.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-03T19:23+0500
2024-01-03T19:23+0500
2024-01-03T19:23+0500
қытай
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/01/03/41352918_0:161:3070:1888_1920x0_80_0_0_fec45c53bb8758364982b189df381875.jpg
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. "Қазатомөнеркәсіптің" еншілес кәсіпорны саналатын "Үлбі-ЖБҚ" ЖШС бірлескен кәсіпорны Қытайдағы атом электр станцияларына арналған өнімдерін сертификаттауды сәтті аяқтады, деп хабарлады компания.Әңгіме "А типті AFA 3G TM" дизайнындағы жылу бөлетін құрамаларды өндіру туралы болып отыр.Өнімнің барлық міндетті талаптарға, нормалар мен сапа стандарттарына техникалық сәйкестігін растайтын құжатты технология иесі – Framatome француз компаниясы тапсырды.ЖБҚ – инженерлік конструкция, оның жақтауына жылу бөлетін элементтер (жбэлдер) – уран таблеткаларымен толтырылған түтіктер орналастырылады. Бұл құрамалар АЭС үшін отын болады. Уран таблеткаларын "Үлбі металлургия зауыты" АҚ дайындайды."Үлбі-ЖБҚ" зауыты, өндірістік қуаттылығы жылына ЖБҚ түріндегі 200 тонна уран, 20 жылдық кепілді өткізу нарығына ие. Инновациялық өндірісті іске қосу Қазақстанға атом электр станциялары үшін ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі тобына кіруге жол ашады.2024 жылы Компания "А типті AFA 3G TM" дизайнындағы ЖБҚ-ны өнеркәсіптік өндіруге кірісіп, ҚХР-дағы атом электр станцияларына тиісті типтегі ЖБҚ партиясын жеткізуді жоспарлап отыр."Үлбі-ЖБҚ" зауыты Қазатомөнеркәсіпке өндірісті әртараптандыруға, желіні кеңейтуге және қосылған құны қымбат жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған уран өнімдерін шығаруға мүмкіндік берді.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/03/41352918_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_c50cb515437f44b851cd46242b544e1e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, атом электр станциясы
қытай, атом электр станциясы
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. "Қазатомөнеркәсіптің" еншілес кәсіпорны саналатын "Үлбі-ЖБҚ" ЖШС бірлескен кәсіпорны Қытайдағы атом электр станцияларына арналған өнімдерін сертификаттауды сәтті аяқтады, деп хабарлады компания.
Әңгіме "А типті AFA 3G TM" дизайнындағы жылу бөлетін құрамаларды өндіру туралы болып отыр.
Өнімнің барлық міндетті талаптарға, нормалар мен сапа стандарттарына техникалық сәйкестігін растайтын құжатты технология иесі – Framatome француз компаниясы тапсырды.
ЖБҚ – инженерлік конструкция, оның жақтауына жылу бөлетін элементтер (жбэлдер) – уран таблеткаларымен толтырылған түтіктер орналастырылады. Бұл құрамалар АЭС үшін отын болады. Уран таблеткаларын "Үлбі металлургия зауыты" АҚ дайындайды.
"Үлбі-ЖБҚ" зауыты, өндірістік қуаттылығы жылына ЖБҚ түріндегі 200 тонна уран, 20 жылдық кепілді өткізу нарығына ие. Инновациялық өндірісті іске қосу Қазақстанға атом электр станциялары үшін ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі тобына кіруге жол ашады.
2024 жылы Компания "А типті AFA 3G TM" дизайнындағы ЖБҚ-ны өнеркәсіптік өндіруге кірісіп, ҚХР-дағы атом электр станцияларына тиісті типтегі ЖБҚ партиясын жеткізуді жоспарлап отыр.
"Үлбі-ЖБҚ" зауыты Қазатомөнеркәсіпке өндірісті әртараптандыруға, желіні кеңейтуге және қосылған құны қымбат жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған уран өнімдерін шығаруға мүмкіндік берді.