https://sputnik.kz/20240103/prezident-resey--qazaqstannyn-negizgi-strategiyalyq-seriktesi-ari-odaqtasy-41333702.html
Президент: Ресей — Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесі әрі одақтасы
Президент: Ресей — Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесі әрі одақтасы
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, Ресей — Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі 03.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-03T08:01+0500
2024-01-03T08:01+0500
2024-01-03T08:01+0500
қасым-жомарт тоқаев
ресей
https://sputnik.kz/img/161/56/1615651_0:307:5732:3531_1920x0_80_0_0_65b03a3caaa6fddf74067f1be30f3940.jpg
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысы Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында биыл Ресейде өтетін сайлау жөнінде пікір білдірді.Оның айтуынша, Ресей — Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі елдің тауар айналымы 2023 жылдың бастапқы 10 айында 21,4 миллиард доллар болды. Өйтетін жөні де бар, біздің шекарамыз құрлықтағы ең ұзын шекара саналады.Сондай-ақ ғылым-білім және мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынасты нығайтуға әрдайым айрықша мән беріледі."Ресей Федерациясының әлемдік саясатта аса маңызды рөл атқаратынын және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі екенін ұмытпаған жөн. Ресей президенті Владимир Путин — сөзімен де, ісімен де жаһандық ахуалға ықпал ететін тұлға. Ресейдің ұстанымымен бүкіл әлем санасатыны жасырын емес. Бұл мемлекеттің қатысуынсыз дүние жүзінде бірде-бір проблема шешілмейді. Ол айдан анық. Сондықтан Ресей секілді алпауыт елдегі президент сайлауының халықаралық мән-маңызы қашанда жоғары және оған әлемнің көптеген елі назар аударады", — деді мемлекет басшысы.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/161/56/1615651_308:0:5424:3837_1920x0_80_0_0_6f1cb2db45d873d231cb0ede6e82b562.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ресей
қасым-жомарт тоқаев, ресей
Президент: Ресей — Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесі әрі одақтасы
Оның айтуынша, Ресей — Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысы Egemen Qazaqstan газетіне берген
сұхбатында биыл Ресейде өтетін сайлау жөнінде пікір білдірді.
"Ресей Қазақстанның негізгі серіктесі әрі одақтасы екені баршаға аян. Өткен отыз жылда мемлекетаралық байланыстардың іргесі беки түсті. Екі ел арасында 300-ден астам шарт пен келісім жасалған. Барлық саладағы екіжақты ынтымақтастық тетіктері жұмыс істеп тұр. Жоғары деңгейдегі саяси диалог қарқынды дамып келеді. Біз көпжақты құрылымдар аясында, сондай-ақ өңірлік тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында ықпалдаса әрекет етеміз. Былтыр Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл екіжақты қатынасты жандандыра түскен негізгі оқиғалардың бірі болғаны анық. Біз келіссөз барысында мемлекеттеріміздің стратегиялық серіктестігі мен қарым-қатынасы шынайы достық сипатынан айнымайтынын тағы да нақтыладық", — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, Ресей — Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі елдің тауар айналымы 2023 жылдың бастапқы 10 айында 21,4 миллиард доллар болды. Өйтетін жөні де бар, біздің шекарамыз құрлықтағы ең ұзын шекара саналады.
Сондай-ақ ғылым-білім және мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынасты нығайтуға әрдайым айрықша мән беріледі.
"Ресей Федерациясының әлемдік саясатта аса маңызды рөл атқаратынын және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі екенін ұмытпаған жөн. Ресей президенті Владимир Путин — сөзімен де, ісімен де жаһандық ахуалға ықпал ететін тұлға. Ресейдің ұстанымымен бүкіл әлем санасатыны жасырын емес. Бұл мемлекеттің қатысуынсыз дүние жүзінде бірде-бір проблема шешілмейді. Ол айдан анық. Сондықтан Ресей секілді алпауыт елдегі президент сайлауының халықаралық мән-маңызы қашанда жоғары және оған әлемнің көптеген елі назар аударады", — деді мемлекет басшысы.