Otau TV Ресейдің бірқатар телеарнасын хабар тарату желісінен алып тастады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық Otau TV спутниктік телевидение операторы ресейлік телеарналарды, соның ішінде "Первый каналды" хабар тарату желісінен алып тастады.
"Ақпараттық арналар санын қысқарту аясында "Первый канал СНГ", "Поехали", "Время: далекое и близкое", "Дом кино", "Телекафе", "Дом кино Premium", "Музыка Первого", "Победа", "Карусель", "Бобер", "О!" телеарналарын көрсетуді тоқтату туралы шешім қабылданды", - деп түсініктеме берді TVcom.
Сонымен қатар олар көңіл көтеретін контент жасайтын телеарналар санының көбейгенін хабарлады.
"2024 жылдың қаңтар айының басында біз спутниктік және интернет-ТВ пакеттерімізге Discovery тобының телеарналарын қосамыз. Бірінші тоқсан ішінде абоненттеріміз "Наше новое кино", "Родное кино", "Индийское кино", "Киносерия", "Авто Плюс", "HD Life", "Телеканал "Кто есть кто"", "КВН ТВ", "Кухня ТВ", "MMA TV" сияқты жаңа телеарналарды көре алады", - деп толықтырды компания өкілдері.
TVcom – Otau TV абоненттерін спутниктік ТВ және интернетпен қамтамасыз ететін "Қазтелерадио" АҚ серіктесі.
Желтоқсан айының ортасында оператор қаңтар айынан бастап жаңалық тарататын шетелдік арналардың үлесін азайтып, оларды көңіл көтеретін, кино және танымдық сипаттағы телеарналармен алмастыратынын хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
0