https://sputnik.kz/20240103/astanada-biletti-zharnama-saytynan-satyp-algan-zholaushy-politsiyadan-komek-surady-41347436.html
Астанада билетті жарнама сайтынан сатып алған жолаушы полициядан көмек сұрады
Астанада билетті жарнама сайтынан сатып алған жолаушы полициядан көмек сұрады
Sputnik Қазақстан
Алматы тұрғыны OLX сайтында әуе және пойыз билеттерін сатумен айналысатын қылмыстық кәсіп ұйымдастырған 03.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-03T15:35+0500
2024-01-03T15:35+0500
2024-01-03T15:35+0500
алаяқ
билет
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_ac12d8a3baf0ac575e4a26a37d3a3ef1.jpg
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Астанада OLX сайты арқылы халықты алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Полицияға арызданған қала тұрғыны OLX сайтында әуе және теміржол билеттері туралы хабарламаны көріп, 10 әуе билетін сатып алған. Осылайша белгісіз біреуге 100 мың теңге аудара салған. Артынан күдіктеніп, бірден полицияға арыз түсірді.Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол 2023 жылдың сәуір айынан бері жарнама сайтында билеттерді арзандатылған бағамен сату туралы ақпарат жариялап келген.Қазіргі уақытта басқа да зардап шеккен адамдардың бар-жоғы анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Полиция департаменті азаматтарға интернет арқылы тауар сатып алу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.Айта кетері, алаяқтық үшін 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 692 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_5ac4421eb3917ba22683856f3e85a34f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, билет
Астанада билетті жарнама сайтынан сатып алған жолаушы полициядан көмек сұрады
Алматы тұрғыны OLX сайтында әуе және пойыз билеттерін сатумен айналысатын қылмыстық кәсіп ұйымдастырған
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Астанада OLX сайты арқылы халықты алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына
сілтеме жасап.
Полицияға арызданған қала тұрғыны OLX сайтында әуе және теміржол билеттері туралы хабарламаны көріп, 10 әуе билетін сатып алған. Осылайша белгісіз біреуге 100 мың теңге аудара салған. Артынан күдіктеніп, бірден полицияға арыз түсірді.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол 2023 жылдың сәуір айынан бері жарнама сайтында билеттерді арзандатылған бағамен сату туралы ақпарат жариялап келген.
Қазіргі уақытта басқа да зардап шеккен адамдардың бар-жоғы анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаменті азаматтарға интернет арқылы тауар сатып алу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
Айта кетері, алаяқтық үшін 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 692 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.