Тоғыз күн қамауда отырған көлік жүргізуші мемлекеттен жарты млн теңге өндіріп алды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2024
Жазылу
Ер адам сот үкіміне наразылық білдіріп, сот алқасының алдында негізсіз жауапқа тартылғанын дәлелдеді
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе қаласында көлік жүргізушісі әкімшілікжауапкершілікке заңсызтартылғаны үшін мемлекеттен жарты миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Диапазон" порталына сілтеме жасап.
Жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан рөлге отырған. Оныполицейлер тоқтатып, медициналық куәландырудан өткізуге алып барған. Сот материалына сәйкес, көлік жүргізуші алкоголь ішкен-ішпегенін анықтайтын тексерістен өтуден бас тартқан, яғни кіші дәретінтапсырмаған. Содан полицейлер билік өкілінің талабын орындамағаны үшін тағы әкімшілік хаттама рәсімдеп, ер адамды 25 тәулікке қамаған.
Көлік жүргізуші 9 күн бойы қамауда отырды. Осы уақыттың ішінде кінәлі емес екенін дәлелдеп шықты. Ер адам сот үкіміне наразылық білдіріп, сот алқасының алдында негізсіз жауапқа тартылғанын дәлелдеді.
Ұсталған көлік жүргізушіден дәлсол уақыттакіші дәрет шықпаған. Сол себепті сілекейден немесе қаннан анализ алуды ұсынған.
"Ол медициналық тексерістен өтуден бас тартпаған. Демек құқық бұзушылық болмады. Осыған байланысты сот істі тоқтатты ", - дейді сот мамандары.
Бірақ ер адам онымен тоқтаған жоқ. Ол 9 күн бойы қамауда негізсіз отырғаны үшін мемлекеттің үстінен шағым түсірді. Моральдық шығынды өтеуді талап етіп, 2 миллион теңге сұрады. Сот арызды қанағаттандырды. Бірақ моральдық шығынды 200 мың теңгеге дейін азайтты. Сондай-ақ қаржы министрлігі заңгерге жұмсалған 300 мың теңгені де өтеп беруге тиіс.
Жаңалықтар
0