Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейде әскери ұшақтан оқ-дәрі құлап кетті – зардап шеккендер жоқ

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Ресейде Воронеж облысының Острогож ауданында авиациялық оқ-дәрі апатты жағдайда жерге құлады. Бұл туралы облысы губернаторы Александр Гусев Telegram каналында хабарлады, деп жазды РИА Новости.
"Зардап шеккендер жоқ, бірақ жеті үйге зақым келді. Олардың әйнегі шағылып, шатыр мен конструкциясы бүлінген болуы мүмкін. Ақпарат нақтыланып жатыр", - деп жазды ол.
Губернатор оқиға орнында жедел топ жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, Петропавловка кентіндегі бірнеше көшенің тұрғындары уақытша орналастыру орталықтарына жеткізіліп жатыр.
"Воронеж облысының үкіметіндегі әріптестеріме өтемақы төлеу және жаңа тұрғын үй салу мәселелерін тезірек шешуді міндеттедім", - деп толықтырды Гусев.
Қорғаныс министрлігі оқиға әскери ұшақ ұшып бара жатқан кезде болғанын хабарлады.
"2024 жылдың 2 қаңтарында Мәскеу уақыты бойынша сағат 09:00 шамасында Петропавловка елді мекенінің үстінде әуе-ғарыш күштерінің ұшағынан авиациялық оқ-дәрі күтпеген жағдайда жерге құлап түсті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ әскери ведомство ешкім зардап шекпегенін, бірақ алты жеке үйге зақым келгенін атап өтті.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Комиссия залалды анықтап, үйлерді қалпына келтіруге көмектеседі, деп толықтырды Ресей Қорғаныс министрлігі.
Жаңалықтар
0