Еліміздің төрт облысында 7 жол учаскесі жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевЗимняя дорога
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 қаңтар– Sputnik. Ауа райына байланысты еліміздің 4 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Ақмола облысында – 1 учаске:
1.
"Екатеринбург-Алматы" тасжолының 1292-1353 шақырымы. Жібек жолы ақы алу пункті – Қарағанды облысы шекарасы – 61 шақырым.
Жетісу облысында – 1 учаске:
1.
"Үшарал-Достық" тасжолының 84-184 шақырымы. Көктұма станциясынан - Достық станциясына дейін – 100 шақырым.
Қарағанды облысында – 4 учаске:
1.
"Екатеринбург - Алматы" 1505-1610 шақырымы. Новостройка ауылынан - Ақсу-Аюлы ауылына дейін – 105 шақырым.
2.
"Екатеринбург – Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы" 0-16 шақырымы. Пришахтинск ауылынан – Новостройка ауылына дейін – 16 шақырымы..
3.
"Екатеринбург - Алматы" автожолының 1353-1426 шақырымы. Ақмола облысының шекарасынан – Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 шақырым.
4.
"Қызылорда-Павлодар" тасжолының 788-906 шақырымы. Ұлытау облысының шекарасынан – Топар ауылына дейін – 118 шақырым.
Ұлытау облысында – 1 учаске:
1.
"Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырымы. Атасу ауылынан – Қарағанды облысының шекарасына дейін – 32 шақырым.
Шектеу көліктің барлық түріне шектеу қолданылады.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 392 техника мен 599 адам жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0