https://sputnik.kz/20240102/astanalyq-volonterler-kommunaldyq-qyzmetkerlerge-shay-men-bauyrsaq-taratty-41329749.html
Астаналық волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ таратты
Астаналық волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ таратты
Sputnik Қазақстан
Волонтерлер қаланың барлық ауданында осындай іс-шара өткізіп жатыр 02.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-02T16:35+0500
2024-01-02T16:35+0500
2024-01-02T16:35+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e8/01/02/41329289_0:87:936:614_1920x0_80_0_0_2d6b677f3c32d11607554537c714560b.jpg
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Соңғы күндері қардың толассыз жаууына байланысты қаладағы барлық ауданда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Соған байланысты елордалық волонтерлер қар күреу жұмысына жұмылдырылған мамандарға ыстық шай мен бауырсақ таратты.Сонымен қатар Астана волонтерлері зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтардың үйінің маңын қардан тазартуға көмектесті. Мұндай акция қаладағы барлық 5 ауданда басталды. Қысқы маусым басталғанға дейін орталық мамандары аудандық әкімдіктерден көмек қажет азаматтардың тізімін алып, сол бойынша жұмыс істейді. Кейбір тұрғындар әлеуметтік желі арқылы волонтерлерден көмек сұрайды. Бүгін волонтерлер жеке тұрғын үй секторындағы бірқатар үйдің ауласын қардан тазартты.Волонтерлер қыс уақытында қар күреумен қатар, тұрақты түрде азық-түлік себеттерін тарату, отын жару және ауа райы қолайсыз кезде шай ұсыну сияқты көмек көрсетіп тұрады.Волонтерлердің айтуынша қайырымдылық акциясы қыстың соңына дейін жалғасады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/02/41329289_1:0:936:701_1920x0_80_0_0_bae5c0282679c910dda7b974e0851b29.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Астаналық волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ таратты
Волонтерлер қаланың барлық ауданында осындай іс-шара өткізіп жатыр
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Соңғы күндері қардың толассыз жаууына байланысты қаладағы барлық ауданда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Соған байланысты елордалық волонтерлер қар күреу жұмысына жұмылдырылған мамандарға ыстық шай мен бауырсақ таратты.
"Бізге үнемі қолдау көрсететін волонтерлерге алғыс айтамын. Бүгін міне бәріміз қар күреп жатырмыз, жұмыс өте көп. Осындай жылу сыйлап жатқандарыңыз үшін көп рахмет", - деп жұмысшылардың бірі жастарға алғысын айтты.
Сонымен қатар Астана волонтерлері зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтардың үйінің маңын қардан тазартуға көмектесті. Мұндай акция қаладағы барлық 5 ауданда басталды. Қысқы маусым басталғанға дейін орталық мамандары аудандық әкімдіктерден көмек қажет азаматтардың тізімін алып, сол бойынша жұмыс істейді. Кейбір тұрғындар әлеуметтік желі арқылы волонтерлерден көмек сұрайды. Бүгін волонтерлер жеке тұрғын үй секторындағы бірқатар үйдің ауласын қардан тазартты.
Волонтерлер қыс уақытында қар күреумен қатар, тұрақты түрде азық-түлік себеттерін тарату, отын жару және ауа райы қолайсыз кезде шай ұсыну сияқты көмек көрсетіп тұрады.
Волонтерлердің айтуынша қайырымдылық акциясы қыстың соңына дейін жалғасады.