Астанадан қала маңына қатынайтын 4 қосымша пойыз іске қосылды

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Железная дорога работает стабильно, несмотря на погоду
Железная дорога работает стабильно, несмотря на погоду - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2024
Жазылу
1 қаңтар сағат 21:00-ден бастап қосымша қала маңындағы пойыздарға билеттерді сату басталған болатын
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысына шектеулер енгізілгендіктен, бүгіннен бастап Павлодар Көкшетау, Бурабай курорты, Атбасар бағыттары бойынша қала маңына қатынайтын 4 қосымша пойыз жүреді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.
Бүгіннен бастап қосымша мынадай қала маңындағы пойыздар іске қосылды:
Астанадан Атбасарғасағат 8:38-де №6803/6804 "Астана-Атбасар" электр пойызы жөнелтіледі. Жолаушыларға 274 орын ұсыну көзделген. Кері бағытта пойыз сол күні Атбасардан сағат 14:40-та жүреді.
Астанадан Көкшетауғасағат 17:00-де №6805/6806 "Астана-Бурабай-Көкшетау" бағытындағы электр пойызы (376 орындық) жүреді. Кері бағытта пойыз Көкшетаудан сағат 22.35-те жөнелтіледі.
Павлодардан Астанаға сағат11:57-де №7509 "Павлодар-Астана" бағытындағы электр пойызы жолға шығады.(376 орын). Электр пойыз Астанаға сағат 14:49-да келеді.
Бурабай курортыстанциясына дейін №7553/7556 "Қарағанды-Астана" бағытындағы электр пойызының қозғалысы ұзартылады (атауы №6811/6812 "Астана-Бурабай курорты"). Ол Астанадан сағат 10:10-да жөнелтіледі, жолаушыларға 276 орын беріледі. Кері бағытта пойыз Бурабайдан сағат 14:48-де кетеді.
1 қаңтар сағат 21:00-ден бастап қосымша қала маңындағы пойыздарға билеттерді сату басталған болатын.

"Жаңа жылдық мереке қарсаңында2023 жылғы 26 желтоқсаннан 2024 жылғы 5 қаңтарға дейін ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздар мен тіркеме вагондарды тағайындау есебінен 20 мың қосымша орын ұйымдастырды. Соңғы 2 күн ішінде 4 мыңнан астам жолаушы тасымалданды", - делінген компания хабарламасында.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларынан сатып алуға болады.
Жаңалықтар
0