https://sputnik.kz/20240101/qazaqstandyq-2500-den-astam-zholserik-zhana-zhylda-zholaushylarga-qyzmet-etti-41322070.html
Қазақстандық 2500-ден астам жолсерік Жаңа жылда жолаушыларға қызмет етті
Қазақстандық 2500-ден астам жолсерік Жаңа жылда жолаушыларға қызмет етті
Sputnik Қазақстан
Қазақстан бойынша мереке түнінде 135 вокзал кассасы және кассалық пункттердің 162 қызметкері жұмыс істеді 01.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-01T19:58+0500
2024-01-01T19:58+0500
2024-01-01T19:58+0500
пойыз
жолсерік
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0b/40817269_0:63:750:485_1920x0_80_0_0_de5558287c9c51704fb118052f26031c.jpg
АЛМАТЫ, 1 қаңтар - Sputnik. Жаңа жыл қарсаңында жолаушыларға 2,5 мыңнан астам жолсерік қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.Қазақстанда барлық республикалық жолдар ашық болды. Бірнеше мыңдаған жолаушыға 2500 жолсерік қызмет көрсетті. Жолсерік пен қоса Жаңа жылды 80 пойыздың бастығы да жұмыс бекетінде қарсы алды. Қазақстан бойынша мереке түнінде 135 вокзал кассасы және кассалық пункттердің 162 қызметкері жұмыс істеді.ҚТЖ баспасөз қызметінің айтуынша, биылғы қыс темір жол магистраліне ауыр соққан. Өйткені ауа райының қолайсыздығы шойын жолды біраз тұралатты. Әсіресе, мереке күндері жол қозғалысы тым қауырт болған. Екі күн ішінде жолаушылар пойыздарымен 4 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Жолаушылар тасымалы қызметкерлері қолайсыз ауа-райы кезінде қауіпсіз тасымалдауды барынша қамтамасыз етті. №6805 электр пойызының аға жолсерігі Нұрсәуле Картабаева демалыс күні әріптестеріне көмек көрсету үшін жұмысқа шыққан. "Біздің жұмысымызда әртүрлі жағдайлар бар. Біз әрқашан тәуліктің кез келген уақытында жұмысқа шығуға дайын болуымыз керек. Біз үшін жолаушыларымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету маңызды", – деп бөлісті ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0b/40817269_83:0:750:500_1920x0_80_0_0_7cdfaaca097a5b918b9b0f3945ed4dd1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, жолсерік
Қазақстандық 2500-ден астам жолсерік Жаңа жылда жолаушыларға қызмет етті
Қазақстан бойынша мереке түнінде 135 вокзал кассасы және кассалық пункттердің 162 қызметкері жұмыс істеді
АЛМАТЫ, 1 қаңтар - Sputnik. Жаңа жыл қарсаңында жолаушыларға 2,5 мыңнан астам жолсерік қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
Қазақстанда барлық республикалық жолдар ашық болды. Бірнеше мыңдаған жолаушыға 2500 жолсерік қызмет көрсетті. Жолсерік пен қоса Жаңа жылды 80 пойыздың бастығы да жұмыс бекетінде қарсы алды. Қазақстан бойынша мереке түнінде 135 вокзал кассасы және кассалық пункттердің 162 қызметкері жұмыс істеді.
ҚТЖ баспасөз қызметінің айтуынша, биылғы қыс темір жол магистраліне ауыр соққан. Өйткені ауа райының қолайсыздығы шойын жолды біраз тұралатты. Әсіресе, мереке күндері жол қозғалысы тым қауырт болған.
Екі күн ішінде жолаушылар пойыздарымен 4 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Жолаушылар тасымалы қызметкерлері қолайсыз ауа-райы кезінде қауіпсіз тасымалдауды барынша қамтамасыз етті. №6805 электр пойызының аға жолсерігі Нұрсәуле Картабаева демалыс күні әріптестеріне көмек көрсету үшін жұмысқа шыққан.
"Біздің жұмысымызда әртүрлі жағдайлар бар. Біз әрқашан тәуліктің кез келген уақытында жұмысқа шығуға дайын болуымыз керек. Біз үшін жолаушыларымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету маңызды", – деп бөлісті ол.