Қоғам

Мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы қаншаға өсті

© Fotolia / Peter AtkinsАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2024
Жазылу
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін есептеу кезінде ең төменгі күнкөріс деңгейі есепке алынады
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Жаңа жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдердің мөлшері көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне қарай өседі. 2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңгені құрайды. Осыған байланысты мүгедектігі бар адамдарға бюджет есебінен ай сайын төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері де артады.
7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге;
I топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге;
II топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі = 79 435 теңге;
III топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге төленеді.
бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге;
бала кезінен II топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі = 79 435 теңге;
бала кезінен III топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге беріледі.
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,76 ең төмен күнкөріс деңгейі = 76 396 теңге;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 52 088 теңге.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға ай сайын 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі не 69 885 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
Сондай-ақ I топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға да онымен туыстық байланысына қарамастан жәрдемақы тағайындалады. Оның мөлшері 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі немесе 69 885 теңгені құрайды.
Бұдан бөлек Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 7%-ке өседі.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2023
Қоғам
Келесі жылы зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өседі
Жаңалықтар
0