Қоғам

Биыл елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі

© AFP 2024 / JEFF PACHOUDАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2024
Жазылу
Бес облыс қана қазіргі уақыт белдеуінде қалады
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. 2024 жылы көктемде Қазақстан аумағында бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Еліміздің 15 өңірі 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытады. Осылайша еліміз бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшеді.
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары үшін ештеңе өзгермейді.
Айта кетері, Қазақстандағы уақытты есептеу мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы бір жыл бойы бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеді.
Ғалымдардың айтуынша, UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейді, бұл биологиялық ритмдар мен адам денсаулығына кері әсер етеді.
Бұдан бөлек бірыңғай уақыт белдеуін орнату әртүрлі өңір тұрғындары арасындағы уақыт кедергілерін жояды, көлік және басқа да коммуникациялар жақсарады, бизнесті жүргізуге, мемлекеттік органдар мен төтенше жағдайлар қызметтерінің өзара іс-қимылына жағымды әсер етеді, деп сендіріп отыр сарапшылар.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2023
Қоғам
2024 жылы Қазақстанның басым бөлігі уақытты 1 сағатқа артқа жылжытуы мүмкін
Жаңалықтар
0