https://sputnik.kz/20240101/2024-zhyly-ayyppul-molsheri-qalay-ozgeredi-41320066.html
2024 жылы айыппұл мөлшері қалай өзгереді
2024 жылы айыппұл мөлшері қалай өзгереді
Sputnik Қазақстан
Айлық есептік көрсеткіш сияқты жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар да 7%-ке ұлғаяды 01.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-01T09:59+0500
2024-01-01T09:59+0500
2024-01-01T09:59+0500
қоғам
айыппұл
2024 жыл
https://sputnik.kz/img/1200/23/12002384_0:52:2048:1204_1920x0_80_0_0_f9426fccc77b51bd0ae96bb5a23f71fb.jpg
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. 2024 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгеге тең. АЕК-тің өсуі айыппұл мөлшерінің көтерілуіне әсер етеді. Sputnik Қазақстан автокөлік иелері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қанша айыппұл төлейтінін есептеп шықты.Ең көп төленетін айыппұлдардың бірі – жылдамдықты 20 км/сағ асыру (5 АЕК) – 18 460 теңгеге дейін өседі. Белдік тақпау, самокат немесе мопедте шлемсіз жүру, аялдау және тоқтап тұру ережелерін бұзғаны үшін де дәл осындай сома төлеуге тура келеді.Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткендерге 10 АЕК – 36 920 теңге айыппұл салынады. Жүргізушілер мына жағдайда 10 АЕК айыппұл арқалайды, егер:Жүргізуші куәлігінен айырылған адамға көлік жүргізгені үшін 50 АЕК немесе 184 600 теңге айыппұл көзделген. Сондай-ақ ол 10 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Жол апаты орнынан кетіп қалған жүргізушіге де осындай сома айыппұл салынады немесе айыппұлды бір жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасына алмастырады.Утиль алымы да айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. Мәселен, 50 АЕК базалық ставка құны 184 600 теңгеге дейін көтеріледі.Автокөлікті кіргізгені үшін ең төменгі төлем:Электромобильдер үшін ештеңе төлеудің қажеті жоқ – утиль алымы нөлге тең.Автокөлікті бастапқы тіркеу ставкасы 923 теңгеге тең. Жасы үш жылға дейінгі көліктерді есепке қою 172 500 теңгеден 184 600 теңгеге дейін өседі. Үш жылдан асқан авто үшін (500 АЕК): 1 725 000 теңгеден 1 846 000 теңгеге дейін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1200/23/12002384_130:0:1951:1366_1920x0_80_0_0_aed1980d8085b57701aa2a709f03e1fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
айыппұл, 2024 жыл
2024 жылы айыппұл мөлшері қалай өзгереді
Айлық есептік көрсеткіш сияқты жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар да 7%-ке ұлғаяды
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. 2024 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгеге тең. АЕК-тің өсуі айыппұл мөлшерінің көтерілуіне әсер етеді.
Sputnik Қазақстан автокөлік иелері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қанша айыппұл төлейтінін есептеп шықты.
Ең көп төленетін айыппұлдардың бірі – жылдамдықты 20 км/сағ асыру (5 АЕК) – 18 460 теңгеге дейін өседі. Белдік тақпау, самокат немесе мопедте шлемсіз жүру, аялдау және тоқтап тұру ережелерін бұзғаны үшін де дәл осындай сома төлеуге тура келеді.
Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткендерге 10 АЕК – 36 920 теңге айыппұл салынады. Жүргізушілер мына жағдайда 10 АЕК айыппұл арқалайды, егер:
жаяу жүргіншіге жол бермесе;
жылдамдықты 20 км/сағ-тан 40 км/сағ дейін асырса;
мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойса.
Жүргізуші куәлігінен айырылған адамға көлік жүргізгені үшін 50 АЕК немесе 184 600 теңге айыппұл көзделген. Сондай-ақ ол 10 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Жол апаты орнынан кетіп қалған жүргізушіге де осындай сома айыппұл салынады немесе айыппұлды бір жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасына алмастырады.
Утиль алымы да айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. Мәселен, 50 АЕК базалық ставка құны 184 600 теңгеге дейін көтеріледі.
Автокөлікті кіргізгені үшін ең төменгі төлем:
1000 см³ дейін – 276 900 теңге;
2000 см³ дейін – 646 100 теңге;
3000 см³ дейін – 923 000 теңге.
Электромобильдер үшін ештеңе төлеудің қажеті жоқ – утиль алымы нөлге тең.
Автокөлікті бастапқы тіркеу ставкасы 923 теңгеге тең. Жасы үш жылға дейінгі көліктерді есепке қою 172 500 теңгеден 184 600 теңгеге дейін өседі. Үш жылдан асқан авто үшін (500 АЕК): 1 725 000 теңгеден 1 846 000 теңгеге дейін.