https://sputnik.kz/20231231/zhumys-berushiler-qyzmetkerleri-zeynetaqy-zharnasy-40938233.html
Жұмыс берушілер өз есебінен қызметкерлеріне зейнетақы жарнасын аударады
Жұмыс берушілер өз есебінен қызметкерлеріне зейнетақы жарнасын аударады
Sputnik Қазақстан
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшылар үшін қосымша міндетті зейнетақы жарналарын аударады
2023-12-31T10:12+0500
2023-12-31T10:12+0500
2023-12-31T10:12+0500
қоғам
зейнетақы
жарна
жұмыс берушілер
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/18/40395004_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_e93c40d2af40bac18cd33d5007e561a3.jpg
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшылар үшін қосымша міндетті зейнетақы жарналарын аударады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Алғашқы жылы зейнетақы жарнасының мөлшері жалақының 1,5 процентін құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5 процентке дейін көтеріледі.Осылайша, жұмысшылардың зейнетақы шотына қосымша жарналар түсіп тұрады.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атап өткендей, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ортақ жауапкершілігі болады.Келешекте зейнетақы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен құралады.Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу, әсіресе, ынтымақты өтілі жоқ (1998 жылға дейін) немесе ынтымақты жүйедегі өтілі аз азаматтар үшін өзекті.Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары тек 1975 жылы 1 қаңтардан бастап туған азаматтар үшін аударылады. Осы датаға дейін туғандарға қосымша зейнетақы жарнасы төленбейді. Себебі оларда ынтымақты зейнетақы алуға қажетті еңбек өтілі бар.
https://sputnik.kz/20231026/qosymsha-zeynetaqy-zharnalary-kimge-audarylady-39672187.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/18/40395004_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_64cccfdf8a58a599adeb4896a9a9448e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыс берушілер зейнетақы жарналары қызметкерлер пенсионные взносы 2024 жылы
жұмыс берушілер зейнетақы жарналары қызметкерлер пенсионные взносы 2024 жылы
Жұмыс берушілер өз есебінен қызметкерлеріне зейнетақы жарнасын аударады
Алдағы бес жыл ішінде зейнетақы жарнасының мөлшері 1,5 проценттен 5 процентке дейін көтеріледі
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшылар үшін қосымша міндетті зейнетақы жарналарын аударады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Алғашқы жылы зейнетақы жарнасының мөлшері жалақының 1,5 процентін құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5 процентке дейін көтеріледі.
Осылайша, жұмысшылардың зейнетақы шотына қосымша жарналар түсіп тұрады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атап өткендей, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ортақ жауапкершілігі болады.
Келешекте зейнетақы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен құралады.
Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу, әсіресе, ынтымақты өтілі жоқ (1998 жылға дейін) немесе ынтымақты жүйедегі өтілі аз азаматтар үшін өзекті.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары тек 1975 жылы 1 қаңтардан бастап туған азаматтар үшін аударылады. Осы датаға дейін туғандарға қосымша зейнетақы жарнасы төленбейді. Себебі оларда ынтымақты зейнетақы алуға қажетті еңбек өтілі бар.