https://sputnik.kz/20231231/ulttyq-qor--balalarga-bagdarlamasyna-qatysu-ushin-ata-analar-neni-tekserui-kerek-41317988.html
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысу үшін ата-аналар нені тексеруі керек
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысу үшін ата-аналар нені тексеруі керек
Sputnik Қазақстан
Ата-аналар ақша уақытында түсу үшін алдын ала қамданып, балаларының мәліметін тексеруі керек 31.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-31T17:44+0500
2023-12-31T17:44+0500
2023-12-31T17:44+0500
бала
ұлттық қор
https://sputnik.kz/img/07e4/09/07/14898890_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_7238a93cc4ee5703681d484b7e2c6386.jpg
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. 1 қаңтардан бастап жас қазақстандықтар алғаш рет Ұлттық қордан қаражат алады. Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы балаларға арналған арнайы шоттарға жыл сайын аударылады.Мемлекет автоматты түрде есепшот ашып, қаражат жинайды. Ата-аналардан талап етілетін негізгі шарт – балалары туралы деректердің бар-жоғын және олардың дұрыстығын тексеру.Баланың жеке дерегін "Электронды үкімет" сайтында (egov.kz) тексеруге болады. Алдымен жеке кабинетіңізге кіріп, беттің сол жағындағы "Балалар туралы ақпарат" бөліміне өтуіңіз керек. Бөлім түймесін басқаннан кейін қажетті деректер көрсетілген терезе ашылады.Егер "сіздің балаңыз туралы деректер жоқ" деген хабарлама шықса, "Қосу" түймесін басу керек. Одан әрі баланың ЖСН енгізіледі (әрқайсысы кезекпен енгізіледі) және бұл деректер ата-ананың жеке кабинетінде сақталады. Осыдан кейін оны қайта тексеру керек.Балалар туралы мәліметті дәл солай eGov Mobile қосымшасы арқылы тексеруге болады:ЖСН енгізілгеннен кейін баланың деректері ата-анасының жеке кабинетінде көрініп тұрады. Осылай отбасындағы әрбір бала үшін жасалуы керек.Болжамға сәйкес, баланың жинақ сомасы 18 жасқа дейін 3,5 мың долларға жетуі мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/07/14898890_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_fb3d2467ad85c84682de7f63c13363d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, ұлттық қор
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысу үшін ата-аналар нені тексеруі керек
Ата-аналар ақша уақытында түсу үшін алдын ала қамданып, балаларының мәліметін тексеруі керек
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. 1 қаңтардан бастап жас қазақстандықтар алғаш рет Ұлттық қордан қаражат алады. Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы балаларға арналған арнайы шоттарға жыл сайын аударылады.
Мемлекет автоматты түрде есепшот ашып, қаражат жинайды. Ата-аналардан талап етілетін негізгі шарт – балалары туралы деректердің бар-жоғын және олардың дұрыстығын тексеру.
Баланың жеке дерегін "Электронды үкімет" сайтында (egov.kz) тексеруге болады. Алдымен жеке кабинетіңізге кіріп, беттің сол жағындағы "Балалар туралы ақпарат" бөліміне өтуіңіз керек. Бөлім түймесін басқаннан кейін қажетті деректер көрсетілген терезе ашылады.
Егер "сіздің балаңыз туралы деректер жоқ" деген хабарлама шықса, "Қосу" түймесін басу керек. Одан әрі баланың ЖСН енгізіледі (әрқайсысы кезекпен енгізіледі) және бұл деректер ата-ананың жеке кабинетінде сақталады. Осыдан кейін оны қайта тексеру керек.
Балалар туралы мәліметті дәл солай eGov Mobile қосымшасы арқылы тексеруге болады:
қосымшаға кіріп, тіркелу керек;
жеке профиліңізге өтіңіз;
егер балалар туралы деректер болмаса, "қосу" түймесін таңдап, баланың ЖСН-ін енгізіңіз.
ЖСН енгізілгеннен кейін баланың деректері ата-анасының жеке кабинетінде көрініп тұрады. Осылай отбасындағы әрбір бала үшін жасалуы керек.
Болжамға сәйкес, баланың жинақ сомасы 18 жасқа дейін 3,5 мың долларға жетуі мүмкін.