Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа 2024 жылмен құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады
Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2023
Жазылу
Президент еліміз жаңару мен жаңғыру жолындағы маңызды реформаларды жүзеге асырғанын атап өтті
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа 2024 жылмен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент 2023 жыл Қазақстан үшін табысы мен тауқыметі қатар келген жыл болғанын атап өтті.
"Биыл жұртымыз Жаңа жылды көптен күткен жағымды жаңалықпен қарсы алуда. Жақында халқымыздың саны 20 миллионға жетті. Еліміз үшін бұл ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Халық санының өсуі – мықты мемлекет болудың және өркендеудің кепілі. Ал бақытты отбасы – бақуатты елдің арқауы", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, еліміз жаңару мен жаңғыру жолындағы маңызды реформаларды жүзеге асырып, мемлекеттігіміздің тұғыры бекемделе түсті.
"Заң мен Тәртіп үстемдігін орнатуды мемлекеттік саясаттың негізгі бағдары деп жарияладық. Осы бағытта нақты шараларды қабылдауға кірістік. Білім беру және денсаулық сақтау саласында ауқымды жобаларды қолға алдық. Әділдікке негізделген жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық. Яғни, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін аса маңызды қадам жасадық", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Қазақстан шетелден миллиардтаған доллар инвестиция тартқанын тілге тиек етті. Соның арқасында елімізге аса қажет өндірістер ашылды. Жұмыс орындары пайда болды. Ел экономикасының басты қозғаушы күші ретінде шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетілді.
"Заңсыз алынған экономикалық активтерді елге қайтару жұмысы жалғасуда. Мемлекетке қайтарылған қаржы көп ұзамай халықтың игілігіне жұмсалатын болды, яғни мектептер салына бастады. Жылдар бойы игерілмей келген миллиондаған гектар жер адал шаруаларға берілетін болды", - деп түйіндеді президент.
Жаңалықтар
0