Теміржолшылар жолда қалып қойған 4 мыңнан астам адамды эвакуациялады

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Железная дорога работает стабильно, несмотря на погоду
Железная дорога работает стабильно, несмотря на погоду - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2023
Жазылу
Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар есебінен жолаушылар үшін 22 мың орын қосылды
АСТАНА, 31 желтоқсан - Sputnik. Өткен 2 күнде қосымша пойыздармен, тіркеме вагондармен қар басқан аудандардан 4 мыңнан астам жолаушы эвакуацияланды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
"Жаңа жыл және мереке күндері қарсаңында тасымалдауға тартылған теміржол қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды", - деп атап өтті компания.
Жолаушылардың жайлылығы үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп, қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар есебінен 22 мың орын қосылды.
Теміржол инфрақұрылымын қардан тазарту тәулік бойы жүргізілуде.
"29-31 желтоқсан аралығында теміржолдардан 25 мың текше метрден астам қар шығарылып, 7,3 мың шақырым жол тазартылды. Теміржол инфрақұрылымын қардан тазарту жұмыстарына 90 астам мамандандырылған қар тазалау және қардан аршу техникасы мен 4,6 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды. Қажет болған жағдайда техника мен теміржолшылардың саны ұлғайтылады", - делінген хабарламада.
Осы күні 2 мыңға жуық машинист пен олардың көмекшілері рейске шықты.
Мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін вагондар жаңажылдық бұйымдармен безендірілді. Кішкентай жолаушыларды Жаңа жылдың басты кейіпкері — Аяз Ата мен ақшақар құттықтап, тәттілер таратып жүр.
Международный аэропорт Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2023
Елорда әуежайында бүгін 10 рейс кейінге қалдырылды
Жаңалықтар
0