Таразда жаңажылдық шыршаны өртеген күдікті ұсталды

© AP Photo / Kin CheungЛиса возле рождественской елки в Лондоне, Великобритания
Лиса возле рождественской елки в Лондоне, Великобритания  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2023
Жазылу
Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды
АСТАНА, 31 желтоқсан - Sputnik. Тараз қаласында тұңғыш президент саябағында орналасқан жаңажылдық шыршаны өртеп жіберген. Тәртіп сақшылары өрт қойған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облыстық полициясының мәліметінше, Таразда 31 желтоқсанда сағат 08:29-да бейнебақылау камералары тұңғыш президент саябағы аумағында орнатылған жаңажылдық шыршаның өртенгенін түсіріп алған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер 56 жастағы ер адамды ұстады.
"Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген полиция хабарламасында.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 900 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0