2,5 мыңнан астам жолсерік Жаңа жылды жолда қарсы алады

© Photo : Предоставлено пресс-службой АО "НК "КТЖ"Жолсеріктер, архивтегі фото
Жолсеріктер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жыл қарсаңында жолаушыларға 2,5 мыңнан астам жолсерік қызмет көрсетеді. Сондай-ақ жаңа жылды 80 пойыз бастығы жұмыс орнында қарсы алады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Бүкіл Қазақстан бойынша мереке түнінде 135 вокзал кассасы және кассалық пункттердің 162 қызметкері жұмыс істейді.
Жолаушылар пойызының жолсерігі Меруерт Қорабаева он алтыншы Жаңа жылды жол үстінде қарсы алады. Оның бұл қызметтегі еңбек өтілі – 18 жыл.
"Мереке күндері теміржол үзіліссіз жұмыс істейді. Жаңа жылға қарай жолаушылар саны көбейеді. Түн ортасында біз бір-бірімізді және жолаушыларды Жаңа жылмен құттықтаймыз, осылайша жолда бір үлкен отбасыға айналамыз. Біз жолаушының баратын жеріне аман - есен жетуі және отбасының жанында болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - дейді жолсерік.
Биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты мереке күндері теміржол үшін қиын болды. Екі күн ішінде жолаушылар пойыздары 4 мыңға жуық адамды эвакуациялады. Жолаушылар тасымалы қызметкерлері қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіз тасымалдауды барынша қамтамасыз етті.
№6805 электр пойызының аға жолсерігі Нұрсәуле Қартабаева демалыс күні әріптестеріне көмек көрсету үшін жұмысқа шығып отыр.
"Біздің жұмысымызда әртүрлі жағдайлар болады. Біз әрқашан тәуліктің кез келген уақытында жұмысқа шығуға дайын жүруіміз керек. Біз үшін жолаушыларымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету маңызды", - деп атап өтті ол.
Жаңалықтар
0