Елорда әуежайында 500-ден астам жолаушы рейсін күтіп отыр

© Sputnik / Болат ШайхиновАэропорт Астаны
Аэропорт Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана халықаралық әуежайында 500-ден астам жолаушы өз рейсін күтіп отыр, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
"Астана халықаралық әуежайы атынан жолаушыларға ыстық тамақ пен сусын таратылады. Қолайсыз ауа райында әуежай қызметіне қолдау көрсетіп жатқан жолаушыларға алғысымызды білдіреміз", - делінген елордалық әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын кейбір автобустар тоқтатылды. Бұған дейін хабарлағандай, халықаралық әуежайдың аэродромы 9.30-дан түскі 12.00-ге дейін жабылды. Қазақстанның алты өңірінде жол жабылды. Өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, нөлден төмен температурадан көктайғақ болып тұр.
Жаңалықтар
0