https://sputnik.kz/20231230/2024-zhyly-mams-ushin-qansha-toleu-kerek-41072048.html
2024 жылы МӘМС үшін қанша төлеу керек
2024 жылы МӘМС үшін қанша төлеу керек
Sputnik Қазақстан
МӘМС жарналарының ставкалары өзгеріссіз қалады, бірақ ең төменгі жалақы көтерілетіндіктен, төлем сомасы өседі
2023-12-30T09:42+0500
2023-12-30T09:42+0500
2023-12-30T09:42+0500
дерекқор
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
жарна
https://sputnik.kz/img/1281/11/12811148_24:0:3665:2048_1920x0_80_0_0_5bde89c11bc4eac9eac2fba2ae18ebb2.jpg
2024 жылы жұмыс берушілер, жалдамалы қызметкерлер мен жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін қанша төлейді? Толығырақ Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.Жаңа жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы 70 мыңнан 85 мың теңгеге дейін көтеріледі. Осыған байланысты МӘМС үшін аударылатын жарналардың сомасы да өзгереді.Жұмыс берушілерЖұмыс берушілер МӘМС-ке қызметкері үшін жалақының 3%-ін аударады. Бірақ салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ең төменгі жалақыдан (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс. Яғни жұмыс берушінің аударатын ең жоғары сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.Айта кетері, бұл ақша қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оны жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.Жалдамалы қызметкерлерЖалдамалы қызметкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде қызмет көрсететін жұмысшылар міндетті медициналық сақтандыруға ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді.Бұл ретте жарнаның ең жоғары сомасы 17 мың теңгеден аспайды.Жеке кәсіпкерлерЖеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5%-ін аударады.2024 жылы оның мөлшері – 5 950 теңге.Егер жеке кәсіпкер есептілікті "нөлмен" тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексіне сәйкес жарна төлеуді жалғастыра беруі керек. Әйтпесе, қарыз пайда болады.Бірыңғай төлем төлеушілерБірыңғай төлемді жеңілдетілген декларация және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнестің заңды тұлғалары пайдаланады.Жалақыдан ұсталатын бірыңғай төлемге мыналар кіреді:2024 жылы бірыңғай төлемнің ставкасы еңбекақы төлеу қорының 21,5%-ін құрайды.Бірыңғай төлемді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, Мемлекеттік корпорацияның шотына бір төлеммен аудару қажет.Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар (БЖТ төлейтіндер)2019 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) енгізілген болатын. БЖТ уақытша, тек 5 жылға енгізілді. Яғни 2024 жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем болмайды.Сол себепті өзін-өзі жұмыспен қамтығандар МӘМС-ке мына жолдармен жарна аудара алады:Дербес төлеушілерДербес төлеушілер үшін жарна мөлшері ең төменгі жалақының 5%-ін құрайды. Яғни жаңа жылдан бастап олар 4 250 теңге төлейді.15 санат үшін жарнаны мемлекет төлейді15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын мемлекет аударады.2024 жылы мемлекеттің бір адамға төлейтін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/11/12811148_479:0:3210:2048_1920x0_80_0_0_44e795c57adff6054c90ac5111186909.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәмс осмс 2024 жылы жарна взнос
мәмс осмс 2024 жылы жарна взнос
2024 жылы МӘМС үшін қанша төлеу керек
МӘМС жарналарының ставкалары өзгеріссіз қалады, бірақ ең төменгі жалақы көтерілетіндіктен, төлем сомасы өседі
2024 жылы жұмыс берушілер, жалдамалы қызметкерлер мен жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін қанша төлейді? Толығырақ
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
Жаңа жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы 70 мыңнан 85 мың теңгеге дейін көтеріледі. Осыған байланысты МӘМС үшін аударылатын жарналардың сомасы да өзгереді.
Жұмыс берушілер МӘМС-ке қызметкері үшін жалақының 3%-ін аударады. Бірақ салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ең төменгі жалақыдан (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс. Яғни жұмыс берушінің аударатын ең жоғары сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.
Айта кетері, бұл ақша қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оны жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.
Жалдамалы қызметкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде қызмет көрсететін жұмысшылар міндетті медициналық сақтандыруға ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді.
Бұл ретте жарнаның ең жоғары сомасы 17 мың теңгеден аспайды.
Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5%-ін аударады.
2024 жылы оның мөлшері – 5 950 теңге.
Егер жеке кәсіпкер есептілікті "нөлмен" тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексіне сәйкес жарна төлеуді жалғастыра беруі керек. Әйтпесе, қарыз пайда болады.
Бірыңғай төлем төлеушілер
Бірыңғай төлемді жеңілдетілген декларация және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнестің заңды тұлғалары пайдаланады.
Жалақыдан ұсталатын бірыңғай төлемге мыналар кіреді:
міндетті зейнетақы жарналары;
2024 жылы бірыңғай төлемнің ставкасы еңбекақы төлеу қорының 21,5%-ін құрайды.
Бірыңғай төлемді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, Мемлекеттік корпорацияның шотына бір төлеммен аудару қажет.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар (БЖТ төлейтіндер)
2019 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) енгізілген болатын. БЖТ уақытша, тек 5 жылға енгізілді. Яғни 2024 жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем болмайды.
Сол себепті өзін-өзі жұмыспен қамтығандар МӘМС-ке мына жолдармен жарна аудара алады:
жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жарна төлеу;
жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.
Дербес төлеушілер үшін жарна мөлшері ең төменгі жалақының 5%-ін құрайды. Яғни жаңа жылдан бастап олар 4 250 теңге төлейді.
15 санат үшін жарнаны мемлекет төлейді
15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын мемлекет аударады.
2024 жылы мемлекеттің бір адамға төлейтін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды.