https://sputnik.kz/20231229/ukimette-20-dan-astam-kommunaldyq-uyymdy-zhekeshelendiru-zhosparynan-alyp-tastau-usynyldy-41286325.html
Үкіметте 20-дан астам коммуналдық ұйымды жекешелендіру жоспарынан алып тастау ұсынылды
Үкіметте 20-дан астам коммуналдық ұйымды жекешелендіру жоспарынан алып тастау ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Олардың ішінде ТКШ нысандары, кейбір медициналық және микроқаржы ұйымдары бар 29.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-29T21:51+0500
2023-12-29T21:51+0500
2023-12-29T21:51+0500
жекешелендіру
https://sputnik.kz/img/939/54/9395457_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_66dc2f083efd4c9ae148d19af1776e41.jpg
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді. Онда Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын өзектендіру мәселесі талқыланды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Атап айтқанда, одан 20-дан астам коммуналдық меншік ұйымын алып тастау ұсынылып отыр. Олардың ішінде ТКШ нысандары, кейбір медициналық және микроқаржы ұйымдары бар. Соңғыларын мемлекет жеңілдікпен несие беру және кәсіпкерлерді оқыту бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланады.Бұдан бөлек өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік нысандарын қолдау мәселелері қаралды.Оған қоса отырысқа қатысушылар 2024 жылы Qazaq Air әуе компаниясын бәсекелестік ортаға беру шарттарын талқылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/939/54/9395457_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_a1da72ffb7e7db0545026ef0cde902f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жекешелендіру
Үкіметте 20-дан астам коммуналдық ұйымды жекешелендіру жоспарынан алып тастау ұсынылды
Олардың ішінде ТКШ нысандары, кейбір медициналық және микроқаржы ұйымдары бар
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді. Онда Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын өзектендіру мәселесі талқыланды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, одан 20-дан астам коммуналдық меншік ұйымын алып тастау ұсынылып отыр. Олардың ішінде ТКШ нысандары, кейбір медициналық және микроқаржы ұйымдары бар. Соңғыларын мемлекет жеңілдікпен несие беру және кәсіпкерлерді оқыту бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланады.
"Сонымен қатар отырыс барысында ҚР өнеркәсібін қолдау мәселелері, оның ішінде отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қолжетімді қаржыландыру шараларымен қамту талқыланды", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік нысандарын қолдау мәселелері қаралды.
Оған қоса отырысқа қатысушылар 2024 жылы Qazaq Air әуе компаниясын бәсекелестік ортаға беру шарттарын талқылады.