Түркістандағы тайқазан туралы фильм түсіріледі

© Sputnik/Ертай СарбасовҚожа Ахмет Яссауи кесенесі
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Жазылу
Сергей Дворцевой фильм түсіруде ең алдымен нақты тарихи негізге сүйенетінін мәлімдеді
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Канн кинофестивалінің екі дүркін лауреаты, кинорежиссер Сергей Дворцевой Түркістандағы тайқазан туралы фильм түсіреді, деп жазды Otyrar.kz.
Режиссер Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің басты жәдігері – тайқазанның қалай жасалғаны туралы тарихи фильм түсіруді бастағанын хабарлады.
Сергей Дворцевойдың айтуынша, нақты тарихи фактілер бар, тайқазанда шебердің есімі жазылған. Сондай-ақ тайқазанға Әмір Темір тапсырыс бергені жөнінде факті бар, тайқазан қай жылдары дайын болғаны да белгілі.
"Осы тарихи фактілердің барлығы мен үшін өте маңызды, өйткені мен жүз процент танымал тарихи деректерге негізделген сурет салғым келеді. Ең беделді қазақстандық және шетелдік тарихшылар мен археологтар бұл фактілерді барынша нақтылауға көмектеседі"— деді режиссер.
Тайқазан Қазақстанда танымал болғанымен, одан тыс жерлерде адамдар көп біле бермейді. Дворцевойдың айтуынша, Әмір Темірдің тапсырысымен дайындалған тайқазанды қалай құйғаны туралы кино шетелдік көрерменге өте қызықты болады. Өйткені Ақсақ Темірді білгенімен, тайқазан туралы біле бермейді.
"Жанр бойынша бұл қызықты түрде баяндалған тарихи-шытырман оқиғалы драма болады. Бірақ бұл таза блокбастер болмайды. Басты назар жеке тарихқа, суретшінің, Әмір Темірдің және олардың айналасындағы адамдардың тарихына, ең алдымен адамзат тарихына баса назар аударылады", — деді режиссер
Негізгі түсірілім орындары - Түркістан және Қарнақ. Халықаралық киножобаға шетелдік және отандық кино жұлдыздары мен киноиндустрия өкілдері қатысады.
Жаңалықтар
0