https://sputnik.kz/20231229/dostyq-qazaqstan-men-reseydin-mandayyna-zhazylgan--abaev-41283443.html
Достық Қазақстан мен Ресейдің маңдайына жазылған — Абаев
Достық Қазақстан мен Ресейдің маңдайына жазылған — Абаев
Sputnik Қазақстан
2023 жыл екі ел арасындағы серіктестік үшін табысты жыл болды және бұл серіктестіктің болашағы зор 29.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-29T13:19+0500
2023-12-29T13:19+0500
2023-12-29T13:22+0500
дәурен абаев
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/03/10/32978731_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_95f5eb5fc906279e46a12f66a0dbbcc8.jpg
АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев "Независимая газетаға" берген сұхбатында екі ел арасындағы достыққа негіз болатын төрт факторды атады.Көшбасшылық. Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік органикалық сипатқа ие. Екі ел арасындағы шекара – жүздеген жыл бойы сауда-экономикалық байланыстар белсенді жүргізілген әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы.Адамдар.Қазақстандықтар мен ресейліктерді көптеген тізбек біріктіреді. Ең қиын да қасіретті сынақтар мен қиыншылықтарды – ашаршылықты, қуғын-сүргіндерді, соғыстарды бірлесіп жеңді."ХХ ғасырдың ортасындағы фашизммен иық тірестіру – біздің халықты жақындастыратын тарихтың маңызды беттерінің бірі. Қазақстанда ата-бабалары Ұлы Отан соғысы майданында соғыспаған немесе тылда аянбай еңбек етпеген отбасы жоқ", - деп еске салды ол.Әл-ауқат.2022 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы рекордтық көлемге – 26,1 млрд АҚШ долларына жетті. Бүгінде бұл рекордты жаңартудың алғышарттары бар."Ресейлік компаниялар Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бестігіне кіреді. "КАМАЗ" жария акционерлік қоғамы, "ТАТНЕФТЬ" жария акционерлік қоғамы, "АВТОВАЗ" акционерлік қоғамы, "СИБУР" жария акционерлік қоғамы, "Башқұрт сода компаниясы" акционерлік қоғамы, "ЕвроХим "МХК" акционерлік қоғамы секілді алыптармен өнеркәсіптік кооперация саласында ірі бірлескен жобалар іске асырылуда", - деді Абаев.Құндылықтар. Мәдени алмасу халықтардың жақындасуы мен өзара түсіністігіне ықпал етеді. Қазіргі уақытта Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда, бұл басқа елдерден көп."Осы аспектіде өтіп жатқан жылдың басты оқиғасы Қазақстандағы "Ресей маусымдары" жобасы болды. Оның аясында біздің жұртшылыққа ең жақсы Дягилев дәстүрлері бойынша орыс мәдениетінің нағыз қазынасы ұсынылды", - деп атап өтті елші.Абаев сондай-ақ 2023 жыл серіктестік үшін табысты жыл болғанын және бұл серіктестіктің келешегі зор екенін айтты.
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/10/32978731_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_4dc8081253b29a6a32fe41f8161c0375.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәурен абаев, қазақстан, ресей
дәурен абаев, қазақстан, ресей
Достық Қазақстан мен Ресейдің маңдайына жазылған — Абаев
13:19 29.12.2023 (жаңартылды: 13:22 29.12.2023) 2023 жыл екі ел арасындағы серіктестік үшін табысты жыл болды және бұл серіктестіктің болашағы зор
АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев "Независимая газетаға" берген сұхбатында екі ел арасындағы достыққа негіз болатын төрт факторды атады.
Көшбасшылық. Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік органикалық сипатқа ие. Екі ел арасындағы шекара – жүздеген жыл бойы сауда-экономикалық байланыстар белсенді жүргізілген әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы.
"Мұнда Алтайдан Каспий теңізіне дейінгі аралықта жүздеген жыл бойы белсенді сауда-экономикалық байланыстар, мәдени және өркениетаралық өзара іс-қимылдар жүргізіліп, ол көшпелі және отырықшы өмір салтының жанасу сызығының екі жағындағы адамдарды материалдық және рухани тұрғыда байытып келеді", - деп атап өтті Абаев.
Адамдар.Қазақстандықтар мен ресейліктерді көптеген тізбек біріктіреді. Ең қиын да қасіретті сынақтар мен қиыншылықтарды – ашаршылықты, қуғын-сүргіндерді, соғыстарды бірлесіп жеңді.
"ХХ ғасырдың ортасындағы фашизммен иық тірестіру – біздің халықты жақындастыратын тарихтың маңызды беттерінің бірі. Қазақстанда ата-бабалары Ұлы Отан соғысы майданында соғыспаған немесе тылда аянбай еңбек етпеген отбасы жоқ", - деп еске салды ол.
Әл-ауқат.2022 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы рекордтық көлемге – 26,1 млрд АҚШ долларына жетті. Бүгінде бұл рекордты жаңартудың алғышарттары бар.
"Ресейлік компаниялар Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бестігіне кіреді. "КАМАЗ" жария акционерлік қоғамы, "ТАТНЕФТЬ" жария акционерлік қоғамы, "АВТОВАЗ" акционерлік қоғамы, "СИБУР" жария акционерлік қоғамы, "Башқұрт сода компаниясы" акционерлік қоғамы, "ЕвроХим "МХК" акционерлік қоғамы секілді алыптармен өнеркәсіптік кооперация саласында ірі бірлескен жобалар іске асырылуда", - деді Абаев.
Құндылықтар. Мәдени алмасу халықтардың жақындасуы мен өзара түсіністігіне ықпал етеді. Қазіргі уақытта Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда, бұл басқа елдерден көп.
"Осы аспектіде өтіп жатқан жылдың басты оқиғасы Қазақстандағы "Ресей маусымдары" жобасы болды. Оның аясында біздің жұртшылыққа ең жақсы Дягилев дәстүрлері бойынша орыс мәдениетінің нағыз қазынасы ұсынылды", - деп атап өтті елші.
Абаев сондай-ақ 2023 жыл серіктестік үшін табысты жыл болғанын және бұл серіктестіктің келешегі зор екенін айтты.