"Әскери құрылыс Астана" мекемесінің қызметкерлері жалақысын уақтылы ала алмаған

© Sputnik / Абзал КалиевӘмиян
Әмиян - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Жұмыс берушінің кінәсінен 2021 жылдан бері "Әскери құрылыс Астана" ЖШС-ның жалақы қарызы 270 миллион теңгеден асқан, деп хабарлады Бас прокуратура.
Ұзақ уақыт бойы жұмысшылар өздеріне тиесілі ақшаны алу үшін мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырған.
"Алайда мәселені шеше алмаған. Бас әскери прокуратура қорғаныс және әділет министрлігі, еңбек инспекциясы және қазынашылық өкілдерінен жұмыс тобын құрды. Прокурорлық қадағалау актілері жасалып, қарызды өтеуге қажетті қаражат көздері анықталды", - дейді ведомство.
Мысалы, басқа жеткізушілермен жасалған келісім-шарттар бойынша "Әскери құрылыс Астана" ЖШС-ның 300 миллион теңгеден астам қаржысы тәркіленген.
"Осылайша, 3 839 қызметкерге 272 млн теңге көлемінде жалақы берешегі төленді. Сондай-ақ бұл мекеме бұрынғы қызметкерлеріне жұмысынан айырылуына байланысты 131 млн теңге көлемінде өтемақы төлемдерін де төлеп берді", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда жалақы бойынша берешек жоқ.
Жаңалықтар
0