https://sputnik.kz/20231229/aqtauda-balabaqshada-eki-zhasar-bala-ystyq-suga-kuyip-qaldy-41279723.html
Ақтауда балабақшада екі жасар бала ыстық суға күйіп қалды
Ақтауда балабақшада екі жасар бала ыстық суға күйіп қалды
Sputnik Қазақстан
Оқиға жекеменшік балабақшада болған 29.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-29T10:14+0500
2023-12-29T10:14+0500
2023-12-29T10:23+0500
ақтау
https://sputnik.kz/img/786/95/7869550_0:0:3412:1919_1920x0_80_0_0_bfde7a96ebdd75eea1b09ee9e3c3d60c.jpg
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Ақтау қаласындағы жекеменшік балабақшада екі жасар бала ыстық суға күйіп қалды. Тәрбиешілер тәртіптік жазаға тартылады, деп хабарлайды Inaktau порталы.2,5 жастағы қыздың денесінің шамамен 7 пайызын күйік шалған. Анасының айтуынша, бұл оқиға 26 желтоқсанда болған. Баланы жуындырып жатқанда бүлдіршін қатты күйіп қалған.Ауруханада травматолог дәрігер терісінің үлбіреп қалған жерлерін өңдеп, баланы үйге жіберуге рұқсат берді. "II дәрежедегі термиялық күйік" диагнозы қойылды."Біз полицияға арыз түсірдік. Балабақша меңгерушісі және басқа да жауапты мамандар жазаға тартылады деп сенеміз. Олар жедел жәрдемді де шақырған жоқ. Алдымен ата-анаға хабар бергенді жөн көрген екен", - деп атап көрсетті келіншек.Қалалық білім беру басқармасы оқиға жекеменшік балабақшада болғанын хабарлады."Қазіргі кезде балабақша басшылығына тиісті шараны қабылдауға ескерту берілді. Директор ұжымның ішінде түсіндіру жұмыстарының жүргізілгенін айтты. Сондай-ақ, тәртіптік шараны қабылдау бойынша шешім қабылданады", - дейді басқарма мамандары.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/786/95/7869550_373:0:3292:2189_1920x0_80_0_0_5a8166c84d37981c04cc907444ec8da6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау
Ақтауда балабақшада екі жасар бала ыстық суға күйіп қалды
10:14 29.12.2023 (жаңартылды: 10:23 29.12.2023) Оқиға жекеменшік балабақшада болған
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Ақтау қаласындағы жекеменшік балабақшада екі жасар бала ыстық суға күйіп қалды. Тәрбиешілер тәртіптік жазаға тартылады, деп хабарлайды
Inaktau порталы.
2,5 жастағы қыздың денесінің шамамен 7 пайызын күйік шалған. Анасының айтуынша, бұл оқиға 26 желтоқсанда болған. Баланы жуындырып жатқанда бүлдіршін қатты күйіп қалған.
"16:00-де балабақшаның меңгерушісі қоңырау шалып, баламның сәл күйіп қалғанын айтты. Екі сағаттан кейін күйеуім оны алып кетуге барды. Сол кезде қызымызды көріп, төбе шашы тік тұрды. Құыйымшақтан беліне дейінгі жері күйіп қалған, терінің астына кәдімгідей су жиналған. Сол аяғының табаны да күйіп қалған. Үйге келгенен кейінбірден жедел жәрдемді шақырдық. Олар алғашқы көмегін жасап, қызымызды мамандарға көрсету үшін балалар ауруханасына алып кетті", - деп жазды кішкентай қыздың анасы әлеуметтік желідегі парақашасында.
Ауруханада травматолог дәрігер терісінің үлбіреп қалған жерлерін өңдеп, баланы үйге жіберуге рұқсат берді. "II дәрежедегі термиялық күйік" диагнозы қойылды.
"Біз полицияға арыз түсірдік. Балабақша меңгерушісі және басқа да жауапты мамандар жазаға тартылады деп сенеміз. Олар жедел жәрдемді де шақырған жоқ. Алдымен ата-анаға хабар бергенді жөн көрген екен", - деп атап көрсетті келіншек.
Қалалық білім беру басқармасы оқиға жекеменшік балабақшада болғанын хабарлады.
"Қазіргі кезде балабақша басшылығына тиісті шараны қабылдауға ескерту берілді. Директор ұжымның ішінде түсіндіру жұмыстарының жүргізілгенін айтты. Сондай-ақ, тәртіптік шараны қабылдау бойынша шешім қабылданады", - дейді басқарма мамандары.