https://sputnik.kz/20231229/aqmola-oblysyndagy-tas-zholda-16-kolik-soqtygysty--1-adam-koz-zhumdy-41294092.html
Ақмола облысындағы тас жолда 16 көлік соқтығысты – 1 адам көз жұмды
Ақмола облысындағы тас жолда 16 көлік соқтығысты – 1 адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Түрлі жарақат алған 5 адам Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілді 29.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-29T20:41+0500
2023-12-29T20:41+0500
2023-12-29T20:41+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33994835_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_e05364fdb667bf8de5cb9015b290e6e9.jpg
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. "Астана – Петропавл" автожолында бірден 16 көлік соқтығысты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Жол апаты 29 желтоқсанда "Астана-Петропавл" автожолының 105 км-де "Гелиос" жанар май құю бекетінің жанында болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды."Метеорологтар мен Ақмола облысы ПД қызметкерлерінің ауа райының күрт нашарлағанын бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, көптеген жүргізуші хабарламаларды елемей жолға шығады. Олар өздеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіреді", – дейді полиция.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33994835_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_5d1cd05b120dfe4523b66fc0ebaef534.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Ақмола облысындағы тас жолда 16 көлік соқтығысты – 1 адам көз жұмды
Түрлі жарақат алған 5 адам Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілді
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. "Астана – Петропавл" автожолында бірден 16 көлік соқтығысты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты 29 желтоқсанда "Астана-Петропавл" автожолының 105 км-де "Гелиос" жанар май құю бекетінің жанында болған. Оқиғаның
видеосы әлеуметтік желіде тарады.
"Жол апаты салдарынан 16 көлік зардап шеккен. Оның ішінде 3 "Газель", 4 жүк автокөлігі және 9 жеңіл көлік болған. Өкінішке қарай жеңіл автокөліктің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақат алған 5 адам Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілді", - деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Метеорологтар мен Ақмола облысы ПД қызметкерлерінің ауа райының күрт нашарлағанын бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, көптеген жүргізуші хабарламаларды елемей жолға шығады. Олар өздеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіреді", – дейді полиция.