Жамбыл облысында әкімдік жерлерді заңсыз таратқан

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуСельское хозяйство
Сельское хозяйство - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2023
Жазылу
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде 300 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
АСТАНА, 28 желтоқсан - Sputnik. Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі заңсыз берілген. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлайды.
Олардың мәліметінше, Байзақ ауданы әкімдігінің қызметкері 500 гектар жерді беру кезінде заңға қайшы әрекетке барған. Соның ішінде жылжымайтын мүліктің орны туралы жалған мәлімет енгізген. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, материал сотқа жолданды.
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде 300 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал қалғаны бойынша жұмыстар жалғасып жатыр деп мәлімдеді прокурорлар.
Жаңалықтар
0