Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушісінің арманын орындады

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2023
Жазылу
Ол кішкентайынан полиция қызметкері болуды армандайды
АСТАНА, 28 желтоқсан - Sputnik. Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушісінің арманын орындады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ислам Сүлейменовтің оқиғасын ерекше мереке қарсаңындағы нағыз ғажайып деп атауға болады. 14 жастағы Ислам – Шымкенттегі №4 балалар үйінің тәрбиеленушісі. Ол кішкентайынан полиция қызметкері болуды армандайды. Форма киген патрульдік көліктегі адамдардың жұмысын қызыға бақылайды екен.
Тәртіп сақшылары жасөспірімнің арманын жүзеге асыруды ұйғарып, полиция департаментіне шақырды. Мұнда Исламға жедел басқару орталығы көрсетілді. Ол үлкен залдың қабырғасын алып жатқан экрандар арқылы мегаполис өмірін тамашалау кезінде түрлі эмоцияға бөленді.
Жедел басқару орталығына барғаннан кейін мектеп оқушысы патрульдік полиция полкінің қызметтік көлігінің жүргізуші орындығына отырып, көлік ішіндегі құрал-жабдықтармен танысып, нағыз рация арқылы байланысқа шықты.
Жаңалықтар
0