Шетелде жүрген Дина Таңсәрі сырттай қамауға алынды

© Photo : из личного архива Дины ТансариДинара Смайылова (Дина Таңсәрі)
Динара Смайылова (Дина Таңсәрі) - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. "НеМолчи.kz" қорының негізін қалаушы, құқық қорғаушы Динара Смайылова (Дина Таңсәрі) екі айға сырттай қамауға алынды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.
16 қазанда Өскемен полиция басқармасы Дина Таңсәріге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.
Оған 27 желтоқсанда мемлекетаралық іздеу жарияланды, бұл туралы ақпарат құқықтық статистика органдарының порталында жарық көрді.
"28 желтоқсанда Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты Смайыловаға қатысты ұсталған кезден бастап екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген қадағалау органының хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында Динара Смайыловаға қатысты алты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Қасақана жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу және алаяқтық фактілері бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп түсіндірді ведомство.
Жаңалықтар
0