Өңірлер

Семей тұрғынынан сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары тәркіленді – видео

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2023
Жазылу
Төрт алтын әшекейдің жалпы салмағы – 79 грамм
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті сақ дәуіріне жататын алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен Семей тұрғынын ұстады.
"ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады", - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Тінту барысында сақ дәуіріне жататын, аң стилінде орындалған жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі (Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама жасалады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Кадры спецоперации, в ходе которой была пресечена попытка незаконной поставки военной авиационной техники в страны Ближнего Востока - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
ҰҚК терроризмді насихаттаған 18 жастағы радикалды ұстады
Жаңалықтар
0