Экономика

Қазақстандықтар өткен айда 4 мыңнан астам алтын құйма сатып алған

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2023
Жазылу
Алтын құймалар, әсіресе, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында сұранысқа ие
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Биыл қараша айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 177,0 келі 4 171 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды Ұлттық банк.
"2023 жылғы қараша айында алтын құймалардың көп бөлігі мына өңірлерде сатылды: Шымкент (1 565 дана, 38%), Алматы (1 436 дана, 34%) және Астана (323 дана, 8%)", - делінген хабарламада.
Ұлттық банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы іске қосқан болатын. Содан бері жалпы салмағы 5,2 тонна 147 916 алтын құйма сатылды.
Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г.
Сатып алушылар арасында 10 грамдық алтын құйма ең көп сұранысқа ие. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 37 856 дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 33 646 дана (23%), 100 грамдық құйма – 32 442 дана (21%), 20 грамдық құйма - 26 333 дана (18%), және 50 граммдық құйма – 17 639 дана (12%).
Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.
Бағдарлама іске қосылғалы екінші деңгейлі банктер мен жекелеген айырбас пунктері жалпы салмағы 714,2 келі 27 357 алтын құйманы кері сатып алған. Бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 18%-і. Кері сатып алынған алтын құймалардың барлығы Ұлттық банктің филиалдары арқылы халыққа қайта тапсырусыз сатылады, деп атап өтті Ұлттық банктегілер.
Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қораптың өзі сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан Ұлттық банк алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес берді.
Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразия банкі, Jusan Bank, ЦентрКредит банкі, сондай-ақ жекелеген айырбастау пунктерінен сатып алып, кері өткізуге болады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2021
Экономика
Құнын жоғалтпайды: сарапшы дағдарыс кезінде неге алтын сатып алу керек екенін айтты
Жаңалықтар
0