https://sputnik.kz/20231228/petropavlda-alemdegi-algashqy-ush-zhaqty-ondeu-zauyty-salynady-41264056.html
Петропавлда әлемдегі алғашқы үш жақты өңдеу зауыты салынады
Петропавлда әлемдегі алғашқы үш жақты өңдеу зауыты салынады
Sputnik Қазақстан
Өнімдер бағалы биоотын ретінде Еуропаның электр станцияларына экспортталады 28.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-28T12:49+0500
2023-12-28T12:49+0500
2023-12-28T13:27+0500
бидай
петропавл
зауыт
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1e/38901542_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_1d297e1ef79288aaf64d412694755eb6.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Петропавл қаласында жоңышқа мен зығыр сабан өңдейтін әлемдегі бірегей үш мақсатты зауыт салынады, деп хабарлайды "АПК жаңалықтары" агенттігі.Зауыт құрылысына инвестицияны Amandus Kahl неміс компаниясы салады.Зауыттың өндірістік қуаты, егер зығыр десек, жылына 60 мың тонна зығыр қалдығын құрайды. Жоңышқа туралы айтатын болсақ, мұндағы қуат 25%-30% артық, өйткені бұл дақыл жұмсақ.Дәулетбаевтың айтуынша, Қазақстанда жоңышқаны өңдеу және түйіршіктеу трендке айналуда. Бірқатар компаниялар түйіршіктеумен қазірдің өзінде айналысып жатыр."Бұл бағыттың экспорттық әлеуеті өте жоғары. Бұл қазіргі уақытта бидаймен салыстырғанда өте аз өнім. Осы бағытта Ақтөбе облысындағы кәсіпорындардың бірі табысты жұмыс атқаруда. Жоба 8 айда өзін-өзі ақтады. Олар 2 мың гектар алқапта суармалы жерге жоңышқа өсіреді. Олар бұл көлемнің басым бөлігін экспортқа шығарады. Сондай-ақ Алматы облысында клиенттердің өте үлкен пулы бар. Кәсіпорындардың бірі соя өңдеумен айналысады. Өндіріс өте тиімді", - деді Дәулетбаев.
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1e/38901542_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_86028081a3d02956725831afbc952cce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бидай, петропавл, зауыт
Петропавлда әлемдегі алғашқы үш жақты өңдеу зауыты салынады
12:49 28.12.2023 (жаңартылды: 13:27 28.12.2023) Өнімдер бағалы биоотын ретінде Еуропаның электр станцияларына экспортталады
АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Петропавл қаласында жоңышқа мен зығыр сабан өңдейтін әлемдегі бірегей үш мақсатты зауыт салынады, деп хабарлайды "АПК жаңалықтары" агенттігі.
Зауыт құрылысына инвестицияны Amandus Kahl неміс компаниясы салады.
"Қазір біз Петропавлда бірегей, әлемде бірінші зауыт салу сатысында тұрмыз. Өндіріс үш мақсатты болады, оның екеуі өңдеу – жоңышқа түйіршіктеу және зығыр сабан түйіршіктеу. Енді бұл сабан бағалы биоотын болғандықтан, түйіршіктендіріліп, үгінділермен араластырылып, Еуропаға электр станцияларына жөнелтіледі. Бұл жоба "жасыл экономика" жобасы ретінде де қатысады", - деді Амандус Кал өкілі Нұрлан Дәулетбаев.
Зауыттың өндірістік қуаты, егер зығыр десек, жылына 60 мың тонна зығыр қалдығын құрайды. Жоңышқа туралы айтатын болсақ, мұндағы қуат 25%-30% артық, өйткені бұл дақыл жұмсақ.
Дәулетбаевтың айтуынша, Қазақстанда жоңышқаны өңдеу және түйіршіктеу трендке айналуда. Бірқатар компаниялар түйіршіктеумен қазірдің өзінде айналысып жатыр.
"Бұл бағыттың экспорттық әлеуеті өте жоғары. Бұл қазіргі уақытта бидаймен салыстырғанда өте аз өнім. Осы бағытта Ақтөбе облысындағы кәсіпорындардың бірі табысты жұмыс атқаруда. Жоба 8 айда өзін-өзі ақтады. Олар 2 мың гектар алқапта суармалы жерге жоңышқа өсіреді. Олар бұл көлемнің басым бөлігін экспортқа шығарады. Сондай-ақ Алматы облысында клиенттердің өте үлкен пулы бар. Кәсіпорындардың бірі соя өңдеумен айналысады. Өндіріс өте тиімді", - деді Дәулетбаев.