https://sputnik.kz/20231228/ishki-ister-ministrligi-bir-zhyl-ishinde-alayaqtardyn-43-millionnan-astam-qonyrauyn-bugattady-41268721.html
Ішкі істер министрлігі бір жыл ішінде алаяқтардың 43 миллионнан астам қоңырауын бұғаттады
Ішкі істер министрлігі бір жыл ішінде алаяқтардың 43 миллионнан астам қоңырауын бұғаттады
Sputnik Қазақстан
Биыл үш мыңнан астам интернет алаяқтық жасаған 828 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды 28.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-28T21:50+0500
2023-12-28T21:50+0500
2023-12-28T21:50+0500
алаяқтық
интернет
https://sputnik.kz/img/314/90/3149063_0:181:2997:1866_1920x0_80_0_0_6a0896969554e799f996ade07d1a029c.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда соңғы жеті жылда интернет алаяқтық саны 10 есеге, яғни екі мыңнан 20 мыңға дейін өскен. Биылдың өзінде интернет-алаяқтар азаматтарға 17,5 млрд теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.Ең жиі кездесетін алдау түрі – интернет арқылы "жоқ" тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде алдын ала төлем алу (жеті мың факт).Екінші орында – банк қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңыраулар (екі жарым мың факт).Үшінші орында – онлайн-қарыздарды ресімдеу (екі мың факт).Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алу және оларды ашумен ІІМ криминалдық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы айналысады."Биыл жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде үш мыңнан астам интернет алаяқтық жасаған 828 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қыркүйек айында Өскеменде 50-ден астам интернет-алаяқтық фактісіне қатысы бар үш күдікті ұсталды. Олардан ұялы телефондар, ноутбуктер тәркіленді. Жалпы келтірілген шығын 80 млн теңгені құрады", – деді спикер.Желтоқсан айында елордада полицейлер төрт алаяқтық сall-орталықты анықтады. Тінту барысында тәртіп сақшылары 170-тен астам ноутбук пен желілік жабдықты тәркіледі.Мүдделі мемлекеттік органдармен және байланыс операторларымен бірлесіп, ауыспалы нөмірлерден түсетін қоңырауларды бұғаттау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Биыл 43 миллионнан астам қоңырау бұғатталды.Сонымен қатар 15 қарашадан бастап Қазақстан тұрғындарының стационарлық телефондарына келіп түсетін халықаралық қоңырауларды анықтау және бұғаттау жүйесі іске қосылды. Жүйе іске қосылған сәттен бері 278 мыңнан астам қоңырау бұғатталды. Сондай-ақ қарыз алу рәсімдері sms арқылы растау және биометрия жүйесімен күшейтілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/314/90/3149063_132:0:2863:2048_1920x0_80_0_0_93640187f4d7e10d34ef84489340d0a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, интернет
Ішкі істер министрлігі бір жыл ішінде алаяқтардың 43 миллионнан астам қоңырауын бұғаттады
Биыл үш мыңнан астам интернет алаяқтық жасаған 828 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда соңғы жеті жылда интернет алаяқтық саны 10 есеге, яғни екі мыңнан 20 мыңға дейін өскен. Биылдың өзінде интернет-алаяқтар азаматтарға 17,5 млрд теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Ең жиі кездесетін алдау түрі – интернет арқылы "жоқ" тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде алдын ала төлем алу (жеті мың факт).
Екінші орында – банк қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңыраулар (екі жарым мың факт).
Үшінші орында – онлайн-қарыздарды ресімдеу (екі мың факт).
"Қазақстан мен ТМД елдерінде ғана емес, бүкіл әлемде киберқылмыс саны өсіп, оның жаңа түрлері пайда болып жатыр. Мұндай қылмыстар трансшекаралық сипатқа ие. Сондықтан да оларды ашу қиынға соғып жатады. Интернетте шекара жоқ. Қылмыскерлер түрлі анонимді, шет елдерде орналасқан сервистерді пайдаланады, – деп атап өтті ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.
Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алу және оларды ашумен ІІМ криминалдық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы айналысады.
"Биыл жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде үш мыңнан астам интернет алаяқтық жасаған 828 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қыркүйек айында Өскеменде 50-ден астам интернет-алаяқтық фактісіне қатысы бар үш күдікті ұсталды. Олардан ұялы телефондар, ноутбуктер тәркіленді. Жалпы келтірілген шығын 80 млн теңгені құрады", – деді спикер.
Желтоқсан айында елордада полицейлер төрт алаяқтық сall-орталықты анықтады. Тінту барысында тәртіп сақшылары 170-тен астам ноутбук пен желілік жабдықты тәркіледі.
Мүдделі мемлекеттік органдармен және байланыс операторларымен бірлесіп, ауыспалы нөмірлерден түсетін қоңырауларды бұғаттау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Биыл 43 миллионнан астам қоңырау бұғатталды.
Сонымен қатар 15 қарашадан бастап Қазақстан тұрғындарының стационарлық телефондарына келіп түсетін халықаралық қоңырауларды анықтау және бұғаттау жүйесі іске қосылды. Жүйе іске қосылған сәттен бері 278 мыңнан астам қоңырау бұғатталды. Сондай-ақ қарыз алу рәсімдері sms арқылы растау және биометрия жүйесімен күшейтілді.