Ішкі істер министрлігі 35 күнде алаяқтардан түскен 300 мың қоңырауды бұғаттады

© Photo : Pixabay / TeroVesalainenСмартфон в руках мужчины
Смартфон в руках мужчины - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2023
Жазылу
Алаяқтық сипаттағы қоңырауларды бұғатттау тетігі қараша айында іске қосылды
АСТАНА, 27 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанда телефон алаяқтарынан түскен қоңырауларды тану жүйесі іске қосылғалы бері 300 мың күмәнді қоңырауға тосқауыл қойылды, деп хабарлады ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Алаяқтық сипаттағы қоңырауларды бұғаттау тетігі қараша айында іске қосылды.
"35 күн ішінде бұл жүйе 300 мыңға жуық (күніне орташа есеппен 8,5 мың) күмәнді қоңырауларды бұғаттады. Осылайша алаяқтардың өздерінің қылмыстық мақсаттарына жетуіне жол берілмеді. Алаяқтықпен күрестің тиімділігін арттыру үшін басқа да қосымша шаралар әзірлеу сатысында. техникалық тұрғыда іске асырылғаннан кейін хабарланады", - делінген Сәденовтің депутаттық сауалға берген жауабында.
Жалпы алғанда, цифрлық даму министрлігімен бірлесіп енгізілген жүйенің көмегімен жалған нөмірлерден түскен 43,5 миллионнан астам қоңырауға тосқауыл қойылды. Оларды шетелдік алаяқтар азаматтарды алдау үшін пайдаланады.
Интернетте 20 мыңнан астам заңсыз ресурстар анықталып, бұғатталды, олардың ішінде алаяқтық және қаржылық пирамида сипатындағы белгілер бар.
Жаңалықтар
0